АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР

25.07.2017
2017 жылдың 17 шілдеде Алатау ауданында безгек масасына қарсы улаудың 3-туры өтті.


04.07.2017
Алатау ауданының құрылғанына биыл 9 -жыл.


27.06.2017
Аудандық Ішкі Істер қызметкерлері марапатталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Жемқорлықтың жойылуына алдымен өзіміз мүдделіміз


Еліміздің Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 1 бабының 6 тармағында «Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу - сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады» деп айқын көрсетілген.

Демек, қарапайым түсінік бойынша, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік қызметпен байланысты жасалады екен. Осы ретте жыл сайын аудан әкімшілігімен жемқорлықпен күрес жөнінде насихат жүргізіледі.

 Жалпы, Алатау ауданы әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша құқықтық оқытуды тұрақты жүргізіп отырады және аппарат басшысымен үнемі жеке түсіндіру жұмыстары жүргізеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет көрсету, қоғамның дамуында, әр уақытта, әркімде көкейтестілік тудырады, ал онымен күрестің тиімділігін жоғарылату әр мемлекетте стратегиялық маңызы зор.