АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік атты Ашық есік күні өтеді

05.12.2017

Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік атты Ашық есік күні өтеді



04.12.2017

Әйелдер үшін зейнетақы жасының өзгеруі



30.11.2017

Ауданымыздағы шығыс жекпе-жегі спортының2016-2017 жылдардағы жетістігі


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Алатау Алатау ауданы әкімі аппаратындағы 2017 жылдың I жартыжылдық сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша ақпарат


Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты (бұдан ары – аудан әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет» заңының 8-бабының 1 және          5 тармақтарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және ссыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы19қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2016 жылғы 29маусымдағы №79 өкімімен жұмыс тобы құрылды (бұдан ары – жұмыс тобы).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сондай-ақ, жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды мынадай ақпарат көздері негізінде жүргізді.

1) бөлімшенің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жариялануы;

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) сот актілері;

7) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.

Жұмыс тобымен аудан әкімінің аппараты өз қызметінде басшылыққа алатын кодекстер, заңдар, нормативтік-құқықтық актілер, құқықтық актілер зерттелді.

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, Алатау ауданы әкімі қызметін ақпараттық-талдау, құқықтық-әкімшілік, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Аудан әкімі аппаратының әкімшілік-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуі бойынша 2017 жылдың I жарты-жылдығы келесі бағыттар бойынша талқыға салынды:

Есептік кезеңде Алатау ауданы әкімі нормативтік – құқықтық сипаттағы –   3 шешім және әкімшілік – басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша – 110 өкімдер шығарды.

Аталған актілерге талдау жасау нәтижесінде, жемқорлық тәуекелдеріне қатысты кемшіліктер анықталған жоқ. Аудан әкімімен қабылданған барлық шешімдер Алматы қаласының Әділет департаментінде тіркелген.

Алатау ауданы әкімінің аппаратында штат саны 40 бірлік. Нақты жұмыс істейтіндер саны 37 қызметкер. 2017 жылдың 6 айында 11 қызметкер жұмыстан өз еріктерімен босатылған. Жұмыстан босау себебі, еңбекақының аздығымен және басқа жұмыс орнына ауысымен байланыстырады. Оның ішінде:

- 6 қызметкер – кіші және орта кәсіпкерлікке ауысуымен;

- 4 қызметкер – басқа мемлекеттік қызметке ауысуымен;

- 1 қызметкер – зейнеткерлікке жасына жетуіне байланысты.

Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы болған жоқ.

Аудан әкімі аппаратында өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында аудан әкімі аппаратының басшысымен 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспар бекітілген. Бекітілген жоспар бойынша, тоқсан аралығында ауданәкімі аппаратының мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиналыс ұйымдастырылып отырады. Аталған іс шара аудан әкімінің интернет-ресурсындажарияланып отырады.

Жиналысқа Алатау ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің төрағалары, құқық қорғау органдары, білім беру, денсаулық саласы мекемелерінің қызметкерлері, аудан тұрғындары, шағын кәсіпкерлік, аудандық қоғамдық ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Алатау ауданы әкімінің аппаратымен бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдану және іске асырудың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Алатау ауданына Алматы қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралыхаттамалар Қазақстан Республикасының біріңғай мемлекеттiк сатып алу интернет –ресурсарқылы ашық өткізіледі.

Осыған орай, Алатау ауданы әкімінің аппараты, Алматы қаласы әкімшілігіне бюджеттік қаражаттың жұмсалуы және орындалуы туралы апталық есеп беріп отырады.

Алатау ауданы әкімі аппараты ҚР заңына және стандарттарға сәйкес          11 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде 1 мемлекеттік қызмет түрін Алатау ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және      10 түрін аудандық АХАТ бөлімі көрсетеді.

АХАТ бөлімімен ағымдағы жылдың 6 айында 4599 мемлекеттік қызмет, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы арқылы –                  1198, мемлекеттік органдар арқылы – 2569, электронды портал арқылы –             832 қызмет көрсетілген.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанынан ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы және ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде комиссия құрылып, комиссияның шешімімен спорттық разрядтар және біліктілік санаттары беріледі. Аталған қызмет түрі Стандартқа сәйкес 30 күнде көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында, бүгінгі таңда барлық қызметтер ХҚКО немесе электрондық портал арқылы жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, есептік кезеңде, Алатау ауданы әкімінің аппаратына      2017 жылдың 1-жартыжылдығында жеке тұлғалардан – 497 өтініш, ал заңды тұлғалардан – 176 хат келіп түсті. Барлық хатқа уақытылы жауап берілген.

Есептік кезеңде Алатау ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.