2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алматы қаласының әкімі Б.Ә.Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша халық арасында карантиндік нормаларды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары күшейтілді. (бетперде тағу, әлеуметтік қашықтық және жеке гигиена сақтау).

03.07.2020
Алматы қаласының әкімі Б.Ә.Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша халық арасында карантиндік нормаларды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары күшейтілді. (бетперде тағу, әлеуметтік қашықтық және жеке гигиена сақтау).


26.06.2020
Бүгін аудан әкімі Азамат Қалдыбеков ауданның көп балалы аналарынан келіп түсетін мәселелер бойынша азаматтарды көшпелі қабылдауды ұйымдастырды.


25.06.2020
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында бүгін «Нұркент» ықшамауданының тұрғындарымен барлық крантинді шараларды сақтай отырып, көшпелі кеңес өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



ТАЛДАМАЛЫ АНЫҚТАМА


КММ “Алатау ауданы әкімінің аппаратында” 2019 жылға жүргізілген аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың

қорытындысы бойынша

Алатау ауданы әкімінің 2019 жылғы 01 тамыздағы № 132Ө «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімінің негізінде Алатау ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, 2019 жылдың қорытындысы бойынша Алатау ауданы әкімінің аппаратының қызметі талданатын кезең болып табылатын 2019 жылдың 2-9 желтоқсаны аралығында жүзеге асырылды.

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау, Алатау ауданы әкімінің аппаратының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік және құқық қорғау органдары жүргізген тексеру нәтижелерінің, БАҚ-тағы басылымның, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және де Қазақстан Республикасының заңдарында қөрсетілген басқа да мәліметтердің негізінде жүргізілді.

Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында талдау бағыты бойынша келесі сұрақтар зерттелді:

1) аппараттың қызметіне қатысы бар нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

3) мүдделер қайшылығын реттеу;

4) мемлекеттік сатып алулар кезіндегі жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

5) мемлекеттік қызметтерді көрсету.

1. Аппараттың қызметіне қатысы бар нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Есептік кезеңде, Алатау ауданының әкімі нормативтiк-құқықтық сипаттағы 1 шешiм және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша 188 өкiм шығарды. Аталған актілерге талдау жасау нәтижесінде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Аудан әкімімен қабылданған шешім Алматы қаласының Әділет департаментінде тіркеуден өтті.

2. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы.

2019 жылдың9 желтоқсанына Алатау ауданы әкімінің аппаратының штат саны – 40 бірлік. Нақты сан – 33 бірлік, толықтырылмаған – 7 немесе 17,5 %.

Аппарат бойынша қызметкерлердің ауысуы 10 бірлік немесе 25 %, оның ішінде:

- Денсаулығына байланысты– 3;

- Мемлекеттік емес қызметке ауысуына байланысты – 4;

- Өзге мемлекеттік мекемеге ауысуына байланысты – 3.

2019 жылдың9 желтоқсанына аппарат қызметкерлеріне – 8 тәртіптік жаза (7 – ескерту,оның 4 мезгілінен бұрын алынған, сөгіс саны – 1) қолданылған.

Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық орын алғаны үшін жауапкершілікке тартылу фактілері анықталмаған.

3. Мүдделер қайшылығын реттеу.

Тікелей басшылығындағы мемлекеттік лауазымдарды жақын туыстарымен (ата-аналарымен (ата-анасымен), балаларымен, асыраушыларымен, асырап алушыларымен, толықтай және толымсыз ағаларымен, апаларымен, аталарымен, әжелерімен, немерелерімен) иелену фактілері және мемлекеттік сатып алулар жүргізу кезінде қосылу фактілері анықталмады.

Мүдделер қайшылығы фактілері анықталмады.

4. Мемлекеттік сатып алулар кезіндегі жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мемлекеттік сатып алулар 2015 жыл 4-ші желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жыл 11-ші желтоқсанындағы № 648 «Мемлекеттік сатып алулар жүргізу ережелерін бекіту туралы» бұйрығы ережелеріне сай жүргізіледі. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алулар электронды түрде мемлекетік сатып алулардың веб-порталы арқылы жүргізіледі және жеткізушімен қандай да бір байланысты болдырмайды. Келісімшарт жасаудың тек қана электронды форматта болуы сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы толық және сенімді ақпаратты веб-порталда қалыптастыруға және олардың орташа сатып алу бағасын анықтауға мүмкіндік берді. Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығына және оңайлатылуына бағытталған электронды келісімдер мен басқа да нормаларды енгізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелін ықшамдауға мүмкіндік берді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

5. Мемлекеттік қызметтерді көрсету.

2019 жылдың9 желтоқсанына Алатау ауданы әкімінің аппаратымен 14876 мемлекеттік қызмет көрсету тіркелген, оның ішінде:

Мемлекеттік қызмет атауы

2019 жылдың         9 желтоқсанына тіркелген қызметтер саны

1

Тууды тіркеу, сонымен қатар азаматтық хал актілеріне өзгерту, толықтыру және түзету енгізу

8010

2

Өлімді тіркеу, сонымен қатар азаматтық хал актілеріне өзгерту, толықтыру және түзету енгізу

1115

3

Неке киюды тіркеу, сонымен қатар азаматтық хал актілеріне өзгерту, толықтыру және түзету енгізу

2114

4

Неке бұзуды тіркеу, сонымен қатар азаматтық хал актілеріне өзгерту, толықтыру және түзету енгізу

1153

5

Әкелікті анықтауды тіркеу, сонымен қатар азаматтық хал актілеріне өзгерту, толықтыру және түзету енгізу

867

6

Асырап алуды тіркеу, сонымен қатар азаматтық хал актілеріне өзгерту, толықтыру және түзету енгізу

14

7

Аты-жөнін, тегін, әкесінің атын өзгертуді тіркеу, сонымен қатар азаматтық хал актілеріне өзгерту, толықтыру және түзету енгізу

164

8

Азаматтық хал актісін тіркеу туралы куәлікті немесе анықтаманы қайтадан беру

1338

9

Азаматтық хал актісін қалпына келтіру

77

10

Азаматтық хал актісінің күшін жою

11

11

Спорттық дәреже беру

13

Барлығы                                   

14876

Аппарат қызметкерлеріне қатысты жағымсыз материалдарды анықтау мақсатында, бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарына мониторинг жүргізілді. Зерттелген кезеңде жағымсыз материалдар анықталмады.

Алатау ауданы әкімінің аппараттында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.