АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік атты Ашық есік күні өтеді

05.12.2017

Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік атты Ашық есік күні өтеді



04.12.2017

Әйелдер үшін зейнетақы жасының өзгеруі



30.11.2017

Ауданымыздағы шығыс жекпе-жегі спортының2016-2017 жылдардағы жетістігі


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты


Алматы қаласы Алатау ауданы

әкімі аппаратының сыбайлас

жемқорлыққа қарсы стандартын

бекіту туралы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының               2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 10 бабына сәйкес, Алатау ауданының әкімі ӨКІМ ЕТТІ:

1.    Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты қосымшаға сәйкес бекітілсін (бұдан әрі – Жемқорлыққа қарсы стандарт).

2.     Мемлекеттік-құқықтық бөлімі осы өкімді Алатау ауданы әкімінің интернет-ресурсында жарияласын.

3.     Осы өкімнің орындалуын бақылау Алатау ауданы әкімі аппаратының басшысы Б.Қарсақбаеваға жүктелсін.

Аудан әкімі                                                                                          Ш.Рыспаев

Енгізеді:

Мемлекеттік-құқықтықбөлімнің бас маманы                                     А.Сағымқұл

Келісілді:

Аппарат басшысы                                                                             Б.Қарсақбаева    

1. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес әзірленген.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеуші Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі болып табылады.

3. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұсынымдар жүйесін орнатуға бағытталған.

4. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу мақсаттары:

·        Аппарат қызметкерлерінде нақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлқын қалыптастыру;

·        сыбайлас жемқорлық көріністерін уақтылы анықтау және олардыңжағымсыз салдарының алдын алу болып табылады.

5. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қағидалары:

·        заңдылық

·        ашықтық

·        әдептілік

·        жеке және заңды тұлғалардың құқықтыры мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;

·        мүдднлнр қақтығысын болдырмау болып табылады.

6. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты сақтауға және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне арналған ұсынымдарды анықтайды.

7. сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың негізіне сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу көзқарасы тұрғысынан:

·        жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде құқықтыры мен заңды мүдделерін іске асыру;

·        өз құзіреті шегінде шешімдерді дайындау және қабылдау;

·        Алатау ауданы әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің жобасын дайындау.

8. Алатау ауданы әкімі аппаратының қызметкері өзінің қызметтік нұсқауларын орындау кезінде:

·        Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкімет актілерін, өзге де Алматы қаласы әкімі және Алатау ауданы әкімінің нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алу;

·        Жеке және заңды тұлғалар өкілдерімен және әріптестерімен қарым-қатынас жасауда адал, қарапайым болу, көпшілік мақұлдаған моральдікөәдептілік нормаларын сақтау, сыпайылық және биязылық таныту;

·        Жеке және заңды тұлғалардың құқықтыры мен заңды мүдделерін қозғайтын қабылданған шешімнің ашықтығын қамтамасыз ету;

·        Өз әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға ұшырауға, сынның артына түспеугежол бермеу,өз әрекетінің кемшіліктерін жою және жақсарту үшін конструктивті сынды қолдану;

·        Заң бойынша тәртіпік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген қылықтыр мен өзге де заң бұзушылықтарға жол бермеу.

9. мемлекеттік қызметтерін көрсету кезінде:

·        Тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;

·        Қолжетімді түрде қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық және шынайы ақпарат ұсыну;

·        сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылыққа итермелеу кезінде басшылыққа жеткізу.

10.Тауарларды, жұмыстарда, қызметтерді сатып алуға байланысты мемлекеттік сатып алуды іске асыру кезінде, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алу қажет.

11. Алатау ауданы әкімі нормативтік құқықытық актілердің жобаларын дайындау және олардың мониторингін өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету қажет.

12. персоналды басқару қызметінің жұмысын ұйымдастыру кезінде, Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасын мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету қажет.