АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Президент жолдауы талқыланды

10.10.2018

Президент жолдауы талқыланды



09.10.2018

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасы жөнінде ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстары жүргізілді



09.10.2018

Алатау ауданында 20 ауланы көріктендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ


Алматы қаласы

Алатау ауданы әкімінің

2018 жылғы «___» ________

№ ___ өкімімен бекітілді

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты

мемлекеттік-құқықтық бөлімі әзірледі

Алматы қаласы, 2018 жыл

Кіріспе

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт):

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты жетілдіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыс тобының 2018 жылғы ____________ отырысында мақұлданды;

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2018 жылғы «___» _____________                     № ____ өкімімен бекітілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың мақсаты «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Аппарат) қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлықтың көрінуіне мүлдем төзбеушілік болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың міндеттері:

Аппарат қызметкерлерінің өзінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруы кезінде олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімді мінез-құлқын қалыптастыру;

Сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытында анықтау және олардың келеңсіз салдарын болдырмау болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт Аппарат қызметінде функцияларды жүзеге асыру және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде пайдаланылады, Аппараттың барлық қызметкерлеріне қолданылады және орындау үшін міндетті болып табылады.

         Аппарат қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қолданылуы мен орындалуы үшін жеке жауап береді.

Мазмұны


Бет

1. Жалпы ережелер


2. Аппараттың негізгі қызметінің сипаттамасы


3. Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қозғайтын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) ұсынымдары


4.Аппарат қызметкерлерінің өз құзыретінің шегінде басқарушылық және өзге де шешімдер дайындау және қабылдау кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) ұсынымдары


5. Аппарат қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) ұсынымдары


6.Аппарат қызметкерлерінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алумен байланысты сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) ұсынымдары


7.Аппарат қызметкерлерінің кадрларды іріктеу және орналастыру кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) ұсынымдары


8.Аппарат қызметкерлерінің нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) ұсынымдары


9.Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мінез-құлық (іс-қимыл) ұсынымдары


10. Өзге шектеулер мен тыйымдар


11. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері едәуір жоғары лауазымдар тізбесі


12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт туралы техникалық ақпарат


1. Жалпы ережелер

1.      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бойынша қызмет түріне әзірленген.

2.      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың әзірлеушісі Аппараттың мемлекеттік-құқықтық бөлімі болып табылады.

3.      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт салалық сипатқа ие және келесі қызмет салаларына қолданылады:

мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін жүзеге асыру;

тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алумен байланысты сатып алуларды жүзеге асыру;

кадрларды іріктеу және орналастыру;

нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау;

сондай-ақ Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қозғайтын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру, Аппарат қызметкерлерінің өз құзыретінің шегінде басқарушылық және өзге де шешімдер дайындау және қабылдау кезіндегі әрекеттері мен шешімдерін айқындайды.

2. Аппарат қызметінің негізгі сипаттамасы

4. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы белгіленді –Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметiн қамтамасыз ету.

5. «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 35, 38 баптарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы                                           № 954 жарлығымен белгіленген:

1) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін аудан аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың орындауына ықпал ету;

2) «Алматы қаласы Алатау ауданы әкiмінiң аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілері мен бөлімдері қызметінің тиімділігін бағалау;

3) аудан әкімімен белгіленетін өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

6. «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің фукциялары Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-2 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының                   38 бабына, Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы»                        2014 жылғы 25 тамыздағы №898 Қаулысына сәйкес айқындалған:

1) Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің және аппаратының қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету:

2) аудан аумағында қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құқық қорғау органдарымен қарым-қатынас жасау;

3) аудан әкімінің тапсырмасы бойынша аудан әкімінің және аппаратының мүдделерін соттарда қорғау, прокурорлық актілерін қарастыру;

4) мемлекеттік қызметтер көрсету:

спортшыларға спорттық разрядтар беру: 2 разрядты спортшы, 3 разрядты спортшы, 1 жасөспірімдік разрядтағы спортшы, 2 жасөспірімдік разрядтағы спортшы, 3 жасөспірімдік разрядтағы спортшы;

біліктілік санаттарын беру: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі;

азаматтық жағдай актілерін тіркеу және туу туралы куәлігін беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру;

5) «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ісжүргізуін ұйымдастыру және жүргізу, оның ішінде құпия, арнайы байланыс, хат-хабарларды өңдеу, нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес құпиялық тәртіпті, «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратында ішкінысандық тәртіпті қамтамасыз ету;

6) мемлекеттік органның қызмет бағыттары бойынша оның жұмыс сапасын және өнімділігін арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асыру;

7) мемлекеттік тілде ісжүргізуді кезеңмен енгізу;

8) аудан әкімі, оның орынбасарларында, «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығында кеңестер ұйымдастыру, материалдарды, кеңес хаттамаларын ресімдеу және жіберу;

9) аудан әкімі, оның орынбасарлары, «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығының тапсырмалары бойынша аудан әкімінің шешімдері мен өкімінің жобасын дайындау, оларды жөнелту және сақтау;

10) аудан әкімі және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының, аудан әкімінің кеңестерінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылау, аудан әкімін осы сұрақтар бойынша ақпараттандыру;

11) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

12) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру;

13) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға ықпал ету;

14) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

15) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

16) жалғызлікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастыру;

17) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;

18) әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына ықпал ету;

19) Алматы қаласы Алатау ауданының абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

20) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қарым-қатынас жасау;

21) Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

22) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;

23) кадрлық құрам бойынша ұсыныстарды зерттеу, дайындау және енгізу;

24) «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кадрларын оқыту және қайта даярлауды ұйымдастыру;

25) гендерлік аспектілерді қарау;

26) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті іске асыру;

27) «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген басқа да функциялар.

7. Негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын орындау мақсатында және өз құзыреті шегінде «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құқылы:

1) «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізетін мәселелері бойынша, оның ішінде арнайы байланысты пайдалану және мәліметтерді жолдау арқылы мемлекеттік және заңды тұлғалармен қызметтік хат-хабарлар жазысуға;

2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша бақылау және үйлестіруді жүзеге асыруға;

3) заңнамада белгiленген тәртiпте мемлекеттік органдардан, мекемелер мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;

4) жоғары тұрған органдарға атаулы әлеуметтiк көмек көрсету, жұмыспен қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

5) стратегиялық жоспарды және «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкiмшісі болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының талқылауына Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет құрамында көзделген бағыттар бойынша жергiлiктi маңызы бар мәселелердi қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды енгізуге;

6) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің                               56 бабында белгіленген тәртіпте, сотқа талап арызбен жүгінуге;

7) өзіне берілген мүлікті басқаруға;

8) заңнамада көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыруға.

        

3. Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт қозғайтын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) ұсынымдары

жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарау;

қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету;

жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету;

адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, жеке тұлғалармен, заңды тұлғалар өкілдерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік таныту;

өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалану;

басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеу;

шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау;

мүліктік және өзге де пайдалаарды алу мақсатында өзінің қызметтік өкілеттіктерін заңсыз пайдалану жолымен жеке, заңды тұлғалар өкілдерінің мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесуге жол бермеу.

4.Аппарат қызметкерлерінің өз құзыретінің шегінде басқарушылық және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезіндегі мінез-құлық

(іс-қимыл) ұсынымдары

басқа мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлік ұйымдары мен субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуына жол бермеу;

қызметкерлер қызметінің нәтижелерін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде әділдік пен объективтілік таныту;

қарамағындағылардың қызметтік өкілеттіктерінің міндеттері мен көлемін дәл және нақты белгілеу;

қарамағындағылар арасындағы еңбек жүктемесінің тең бөлінбеуіне жол бермеу;

         қарамағындағыларға олардың лауазымдық міндеттерінің шеңберінен шығатын немесе тіпті орындалмайтын, сондай-ақ заңнамаға қарама-қайшы өкімдер бермеу;

         қарамағындағыларды сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасауға мәжбүрлеу;

         қарамағындағыларды сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасауға мәжбүрлеу;

қарамағындағылар мен басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының нормаларын бұзу фактілерін болдырмауға және олардың жолын кесу;

әріптестері өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша мүлтіксіз шараларды уақтылы қабылдау;

лауазымдық өкілеттіктерін орындауына байланысты сыйлықтар қабылдамау;

әріптестеріне, басшыларына және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлықтар сыйламау және мүліктік пайда, игіліктер немесе артықшылықтар алу үшін лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, қызметтік емес қызметтер көрсетпеу;

тікелей басшыға немесе басшыға мүдделер қақтығыстарының, лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жеке мүдденің туындауы туралы, сыбайлас жемқорлық мінез-құлқы мен сыйлықтар алуға итермелеу туралы баяндау;

егер тікелей басшының өзі мүдделер қақтығысына тартылған болса жоғары тұрған басшылыққа өтініш білдіру;

лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жеке және пайдакүнемдiк мүдделерімен басшылық етпеу;

әріптестеріне және басшыларына бейтарап қызметтік шешім қабылдауға ықпал ете алатын белгіленген қарым-қатынастар тәртібін бұзатын заңсыз өтініштер жасаудан аулақ болу;

орындау үшін алынған өкімнің заңдылығына күдіктері туралы тікелей басшыға қағаз нысанында дереу хабарлау;

таратылуға жатпайтын қызметтік немесе өзге де ақпаратты мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар өндіріп алу мақсатында пайдаланбау;

егер жақын туысқандық қатынастарда тұратындар (ата-аналар, ағайындар, қарындастар, зайыбы (жұбайы), балалар) тікелей бағыныстылығы мен бақылауында болуына байланысты болса, лауазымға тағайындаудан бас тарту;

белгілі болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы басшылыққа дереу баяндау.

5.Аппарат қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) ұсынымдары

мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының және өзге де нормативтік актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің қызмет алушылармен тікелей байланысын азайту;

мына фактілерді болдырмау:

- ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды қызмет алушылардан талап ету;

- мемлекеттік қызмет стандартында ұсынуға көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету;

- мемлекеттік қызмет стандартында ұсынуы регламенттелмеген құжаттарды қызмет алушылардан талап ету;

сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын және олардың салдарын жою бойынша нақты шаралар қабылдау.

көрсетілетін қызметті алушылар болатын жерлерде және мемлекеттік органдардың интернет ресурсында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің орналастырылуын қамтамасыз ету.

6. Аппарат қызметкерлерінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызеттерді сатып алумен байланысты сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) ұсынымдары

мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қатаң сақтау;

қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайлардан басқа, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;

мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығын және айқындығын сақтау;

дербес деректерді өңдеу кезінде үшінші тарапқа ақпарат және материалдарды бермеу;

мына:

ақша қаражатын жұмсау;

ақша қаражатының және материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету;

материалдық қорлар мен негізгі құралдарды беру және есептен шығару бойынша алғашқы құжаттарды (қосымшаларды) ресімдеу, сондай-ақ оларды есепке алу және сақтау;

мемлекеттік сатып алу жоспарын жасау, өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде қабылданатын шешімдердің заңдылығын және әділдігін қамтамасыз ету.

7. Аппарат қызметкерлерінің кадрларды іріктеу және орналастыру кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) ұсынымдары

кадрларды іріктеу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау;

меритократия қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеу;

жұмысқа қабылдау кезінде Аппараттың лауазымдық тұлғаларына жүктелетін негізгі міндеттерді, тыйымдарды және шектеулерді түсіндіру;

жақын туысқандардың, жұбайлардың және жекжаттардың бірлескен қызметіне (жұмысына) жол бермеу;

Аппарат қызметкерлерінің дербес деректері туралы мәліметтерді негізсіз беруге жол бермеу;

Аппаратқа жұмысқа қабылдау кезінде кандидаттардан қолданыстағы заңнамада белгіленбеген құжаттарды талап етпеу;

Аппарат қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеруді объективті және жан-жақты жүргізу.

8. Аппарат қызметкерлерінің нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезіндегі мінез-құлық (іс-қимыл) ұсынымдары

Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алу;

қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға және талқылауға міндетті қатысуын қамтамасыз ету;

нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобаларын көпшілік талқылауы үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру;

азаматтардың құқықтары, бостандығы және міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Алматы қаласының Қоғамдық кеңесімен келісуді қамтамасыз ету;

жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерімен келісуді қамтамасыз ету;

нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу кезінде ғылыми сараптама өткізу (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, экономикалық және реттейтін құқықтық қатынастарына байланысты басқа) мүмкіндігін қамтамасыз ету;

нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық факторларын немесе олардың белгілерін қамтитын нормаларды пайдаланбау.

9. Аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған мінез-құлық (іс-қимыл) ұсынымдары

Қазақстан халқының бірлігін және ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салты мен дәстүрлеріне құрметпен қарау;

қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына деген сенімін сақтау және күшейту;

мемлекеттің мүддесіне зиян келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі келтіретін немесе төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұру;

мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, автокөлік құралдарын қоса алғанда, уақытша мемлекеттік меншікті ұтымды, тиімді және қызметтік мақсаттарға ғана пайдалану;

қызметтік тәртіпті мүлтіксіз сақтау, өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ және сапалы орындау, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ашуда белсенділік таныту;

жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ұстану және әріптестерден оны сақтауды талап ету;

жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларын ұстану, қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларына жол бермеу;

іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық ережелерін сақтау;

осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты қатаң сақтау.

10. Өзге шектеулер мен тыйымдар

кәсіпкерлік қызметпен айналыспау, оның ішінде қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайлардан басқа, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан коммерциялық ұйымды басқаруға қатыспау;

педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге қызметпен айналыспау;

Аппараттағы үшінші тұлғалардың істері бойынша өкілі болмауға, мүдделерді қорғаудан бас тарту;

тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеу;

мемлекеттік функцияларды орындаумен сәйкес келмейтін қызметпен айналыспау;

мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасамау;

жоғары тұрған не төмен тұрған, не онымен қызметі немесе жұмыс бабында басқа да қатынастағы лауазымды тұлғамен ақшалай немесе өзеге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспау;

өзінің мәртебесін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға алып келуі ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгіленген шектеулерді қабылдау.

11. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері едәуір жоғары лауазымдар тізбесі

№ р/с

Қызметкер лауазымының атауы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің дәрежесі
(5 балдық шкала бойынша)

1

Қаржы-шаруашылық бөлімінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі бас маманы

2

12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт туралы техникалық ақпарат

8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты өзгерту Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

9. Сыбайлас жемқорлық стандартын әзірлеушілер туралы мәліметтер:

Ұйым

Қызметкердің лауазымы

Т.А.Ә.

1

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Аппарат басшысы

Карсакбаева Баян Кокимбаевна

2

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

Надирова Эльмира Алиповна

3

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы (кадр қызметі)

Нуркеева Баян Сагинтаевна

4

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

Марат Жандос Маратұлы

5

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік сала бөлімінің басшысы

Султангазин Алмас Токбергенулы

6

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы

Алиев Скендир Токтарович

7

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Бауыржанова Айжан Бауыржановна

8

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Көріктендіру бөлімінің басшысы

Баймбетов Туребек Бурибекович

9

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің басшысы

Калдыбаев Саттар Арынович

10

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы

Токтасынов Адлет Кайратович

11

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Азаматтардың хал-актілерін тіркеу бөлімінің басшысы

Кунчашева Айнура Болатовна

12

«Нұр Отан» партиясы Алатау ауданы бойынша филиалы

Төрағаның бірінші орынбасары

Алмасаев Муханкали Турашевич

13

Алатау аудандық «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық ұйымы

Төрағасы

Кабдолдин Кудайберген Назарович