2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Судағы қауіпсіздік бәрінен жоғары

22.05.2020
Судағы қауіпсіздік бәрінен жоғары


18.05.2020
Өмір үшін…


15.05.2020
Алматылықтар, алау жағуға болмайды!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



2019 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізілген іс-шаралар


«Алатау ауданы – адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жобасы аясында тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру, мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді қалыптастыру және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында Алатау ауданы әкімі аппараты ғимаратының 1 қабатында «Алатау ауданы – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Сонымен қатар, жүргізілген іс-шараларды айқындау мақсатында «Инстаграм» (alatau_adaldyk_alany) және «Facebook» (AlatauAdaldykAlany) әлеуметтік желілерінде парақшалар ашылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жобасы аясында 2019 жылдың 13 тамызында бекітілген жоспарға сәйкес келесі іс-шаралар ұйымдастырылды: 1. 2019 жылдың 13 тамызында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында Алатау ауданы әкімі аппараты ғимаратында «Ашық есік күні» акциясы өткізілді. 2. 2019 жылдың 14 тамызында мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді қалыптастыру мақсатында Алатау ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аппарат басшысының төрағалығымен аппарат қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның ауқымды мәселесі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. 3. 2019 жылдың 16 тамызында жоба аясында мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру мақсатында мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбына талқылау өткізілді. 4. 2019 жылдың 19 тамызында мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді қалыптастыру мақсатында Алатау аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері арасында дөңгелек үстел өткізілді. 5. 2019 жылдың 20 тамызында мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді қалыптастыру мақсатында Алатау аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары» тақырыбына семинар өткізілді. 6. 2019 жылдың 23 тамызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жобасы аясында Л.Б.Гончаров атындағы Қазақ Автомобиль Жолдары академиясы қызметкерлері және студенттерімен «Жемқорлық – Тоқта» тақырыбына семинар өткізілді. 7. 2019 жылдың 20 қыркүйегінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту мақсатында Алатау ауданындағы мемлекеттік бала-бақшалардың басшыларымен семинар өткізілді. 8. 2019 жылдың 20 қыркүйегінде жоба аясында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша аудан әкімінің жеке қабылдауы өткізілді. 9. 2019 жылдың 23 қыркүйегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жобасы аясында кәсіпкерлікке жайлы жағдай жасау мақсатында ауданда орналасқан «Арт центр» ғимаратында Алатау ауданы әкімдігі және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Кәсіп алаңы» іс-шарасы өтті. 10. 2019 жылдың 24 қыркүйегінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында жастар саясатын дамыту фондымен бірлесіп, Алатау ауданы әкімінің аппараты ғимаратының алдында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Іс-шара барысында 50-ден жұмыс орындары ұсынылып, жұмыс іздеп келген азаматтар жұмысқа орналасуына мүмкіндік туды. 11. 2019 жылдың 8 қазанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жобасы аясында Алатау аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандарымен «Жемқорлық індет – жою міндет» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. 12. 2019 жылдың 1 қарашасында жоба аясында Алатау ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Сенің жоқ дегенің маңызды» тақырыбында талқылау жүргізілді. 13. 2019 жылдың 14 қарашасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жобасы аясында Алатау ауданының МКК «№ 22 қалалық емхана» қызметкерлерімен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жемқорлықты жою жолдары» тақырыбында талқылау жүргізілді. 14. 2019 жылдың 20 қарашасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жобасы аясында Алатау ауданының № 154 жалпы білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушылары арасында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың себептері» тақырыбында пікірталас өтті. Атқарылған іс-шаралар бойынша ақпараттар Алатау ауданы әкімінің интернет-ресурсына жүктеліп, «Инстаграм» (alatau_adaldyk_alany) және «Facebook» (AlatauAdaldykAlany) әлеуметтік желілерінде парақшаларға енгізілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі, Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру мақсатында Алатау ауданы әкімінің аппаратымен келесі жұмыстар атқарылды: - Аудан әкімінің апта сайынғы аппаратық жиналысында және аппарат басшысының төрағалығымен өтетін жиындарда бөлім басшылары мен мамандарының назарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау қажеттігін жеткізіліп отырады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы және шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуы бойынша аппарат басшысы мен персоналды басқару қызметі басшысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің, «НұрОтан» партиясының аудандық филиалы өкілдерінің қатысуымен аппарат қызметкерлеріне арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді. - Алатау ауданы әкімінің интернет-ресурсында (http://alatau.almaty.kz/government/) мемлекеттік сатып алу жоспары және оны жүзеге асыру іс-шаралар жоспары, жоспарға сәйкес сатып алынатын жұмыстардың бағасы, бекітілген келісім шарттардың сомасы, тапсырыс жеткізуші туралы мәліметтер жарияланады. - «Өзіңнен баста» акциясы аясында Алатау ауданы әкімінің интернет-ресурсында (http://alatau.almaty.kz/corruption/) аудан әкімі аппаратының басқарушы құрамының кірістері туралы ақпарат жарияланды. - 2019 жылға арналған тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес құқықтық оқыту саласын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын сақтау бойынша 3 семинар өткізілді. Осыған байланысты, аудан әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білімін арттыру мақсатында құқықтық білім беру мектептерінің жұмыс жоспары бекітілді.