АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алатау ауданы әкімінің Ұлжан 1 ықшамауданы тұрғындарымен кездесуі өтті

20.09.2017

Алатау ауданы әкімінің Ұлжан 1 ықшамауданы тұрғындарымен кездесуі өтті



18.09.2017

«БЖЗҚ» АҚ «БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» тақырыбы бойынша Ашық есік күні шарасына шақырады



16.09.2017

Алатау ауданында «Қала күні» мерекесі аталып өтті


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Жемқорлықтың жойылуына алдымен өзіміз мүдделіміз


 Еліміздің 1998 жылғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 2 бабы 1 тармағында «Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда алу үшін олардың өз өклеттіктерін өзгеше пайдалануы,жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беру арқылы оларды сатып алуы –сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады» деп айқын көрсетілген.

Демек, қарапайым түсінік бойынша, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік қызметпен байланысты жасалады екен. Шынымен да мемлекеттік қызметшілер анағұрлым ауқымды өкілеттілікті иелене және көбінде бақылаусыз әрекет ете отырып, өз және мемлекеттік мүддесіне қарамастан  лауазымдық мансаптығын қолданудың барлық мүмкіндігін пайдалана алады. Осы ретте жыл сайын біздің басқармада  жемқорлықпен күрес бағдарламасын іске асыру мәселелері және «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Заңының, Ар-намыс кодексінің нормалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білу жөнінде  насихат жүргізіледі. Содан болар басқармада 2016 жылдың 5 айында  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның талаптарын бұзғандар болған жоқ.

Жалпы, Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасында бағдарламада көрсетілген іс-шараларды орындау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша оның ішінде мемлекттік қызмет этикасы, мүдделер қақтығысының жолын кесу, қызметтік тәртіпті сақтау бойынша құқықтық оқытуды тұрақты жүргізіп отырады, бөлім басшылары бөлім мамандарымен жеке түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет көрсету, қоғамның дамуында, әр уақытта, әркімде көкейтестілік тудырады, ал онымен күрестің тиімділігін жоғарылату әр мемлекетте стратегиялық маңызы зор.