2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Конституция күні мерекесі құтты болсын!

30.08.2020
Конституция күні мерекесі құтты болсын!


27.08.2020
Бүгін аудан әкімі Азамат Бескемпрұлы «Алтын және Күміс алқа» орден иегерлерін құттықтады.


26.08.2020
Көшпелі кездесу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



1424 Call-орталық арқылы жүгіну



 

 1424 Саll-орталығы азаматтарға келесі мәселелер бойынша кеңес береді:

         - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

         - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа орналасу;

         - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісіндегі өтініштер мен хабарламаларды қарау барысы туралы;

         - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін тұлғаларды көтермелеу;

         - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер.

         Хабарламаларды қабылдау:

         - сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, оның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы;

         - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері (әрекетсіздіктері) туралы;

         - кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау мәселелеріне қатысты;

         - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет іздеудегі адамдар туралы мәліметтер;

         - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әрекетіне қатысты (пікірлер, ұсыныстар).

         1424 Call-орталығының жұмыс кестесі:

         Бірыңғай байланыс орталық күн сайын тәулік бойы жұмыс істейді.

         Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы көрінеу жалған мәліметтер бергені үшін жауапкершілік:

         Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 439-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпарат хабарлау – жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

         Осы іс-әрекет әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда жеке тұлғаларға 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.