АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР

25.07.2017
2017 жылдың 17 шілдеде Алатау ауданында безгек масасына қарсы улаудың 3-туры өтті.


04.07.2017
Алатау ауданының құрылғанына биыл 9 -жыл.


27.06.2017
Аудандық Ішкі Істер қызметкерлері марапатталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ



Алатау ауданы әкімі аппаратындағы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша 2016 жылдың 11 айлық ақпараты


Алатау ауданы әкімі аппаратындағы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша 2016 жылдың 11 айлық ақпараты

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Алатау ауданы әкімінің өкімімен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жасады:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) сот актілері;

7)ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша.

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне.

Есептік кезеңде, Алатау ауданы әкімі нормативтiк-құқықтық сипаттағы          1  шешiм және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша 412 өкiмдер шығарды.

Аталған актілерге талдау жасау нәтижесінде, жемқорлық тәуекелдеріне қатысты кемшіліктер анықталған жоқ. Аудан әкімімен қабылданған барлық шешімдер Алматы қаласының Әділет департаментінде тіркеуден өтеді.

Алатау ауданы әкімінің аппаратында штат саны 40 бірлік.  Нақты жұмыс істейтіндер саны 37 қызметкер.  2016 жылдың 11 айында 15 қызметкер жұмыстан өз еріктерімен босатылған. Оның ішінде Жұмыстан босау себебі, еңбекақының аздығымен және басқа жұмыс орнына ауысымен байланыстырады. Жұмыстан босатылғандардың ешқайсысының сыбайлас жемқорлықпен байланысы болған жоқ.

Сондай-ақ, аудан әкімі аппаратында өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс негізінде жүзеге асырылады.

2016 жылы Алатау ауданы әкімі аппаратының қызметіне қатысты     қызметтік тексеріс жүргізіліп, ұсыныстар берілді.

Берілген ұсыныстар мемлекеттік сатып алудың камералдық тексерісіне қатысты 5 ескерту келіп түсті.  Оның ішінде, 1 ескерту бойынша Алатау ауданы әкімінің қызметінің дұрыстығы дәлелденді. Қалған ескертулер бойынша назарға алынып кемшіліктер жойылды.

Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау актiлерi бойынша оның ішінде аудандық прокуратураның  1 ұсынысы,  Алматы қаласы прокуратурасының               2 ұсынысы, жоғарғы мекемелерден 2 ұсыныс келіп түсті. Әділет басқармасының ұсынысы бойынша 2  қызметкерге  әкімшілік құқықбұзушылық айыппұл  салынды.Аталған ұсыныстар назарға алынып кемшіліктер жойылды.

Алатау ауданы әкімі аппаратымен ҚР «Мемлекеттік қызмет түрі» туралы заңына және стандарттарға сәйкес он мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде 1 мемлекеттік қызмет түрін Алатау ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі және 9 түрін аудандық АХАТ бөлімі көрсетеді.

АХАТ бөлімімен 2016 жылдың 11 айында мемлекеттік қызмет түрі – 8352, оның ішінде тууды тіркеу-4395, неке қиюды тіркеу-2006, неке бұзуды тіркеу-538, қайтыс болуды тіркеу-762,  әкелікті анықтауды тіркеу-553, баланы асырап алуды тіркеу-7, тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеу-91.

Сонымен қатар, электронды портал egov арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет-1480, ХҚКО-да көрсетілген қызмет-4851, ал мемлекеттік органда -4118. АХАТ  бөлімінде тіркеу бойынша азаматтарға кеңес беріліп, мемлекеттік қызмет уақтылы орындалуда.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанынан ҚР «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы және ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде комиссия құрылып, комиссияның шешімімен спорттық разрядтар және біліктілік санаттары беріледі. Аталған қызмет түрі Стандартқа сәйкес 30 күнде көрсетіледі.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мақсатында, бүгінгі таңда барлық қызметтер ХҚКО немесе электрондық портал арқылы жүзеге асырылады.

Дегенмен, ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңның  18-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер келесідей негізінде көрсетіледі:  1) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;

            2) Мемлекеттік корпорация арқылы;

             3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу үшін ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңында көрсетілген «көрсетілетін қызметті берушілер арқылы», - деген тармағын алып тастау қажет.

Сондай-ақ, аудан әкімі аппаратының қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерге талдау жүргізу барысында келесідей қайшылықтар көрініс табуда:

1. Алатау ауданы әкімінің аппаратына 2016 жылдың 11айында жеке тұлғалардан-1294 өтініш, ал заңды тұлғалардан-417 хат келіп түсті.

Келіп түскен өтініштер бойынша мәселе.

ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының  11-бабына сәйкес, Егер қайта жасалған өтiнiштерде жаңа дәлелдер немесе жаңадан анықталған мән-жайлар келтiрiлмесе, ал осының алдындағы өтiнiштiң материалдарында тексерудiң егжей-тегжейлi материалдары бар болса және арыз берушiлерге белгiленген тәртiппен жауаптар берiлсе, өтiнiштердi қарау тоқтатылады. Алайда, жеке немесе заңды тұлғалар өздерінің бір өтініштерін жоғарғы тұрған әр түрлі мемлекеттік органдарға жолдаған уақытта, өтініш түскен барлық жоғарғы тұрған органдар аталған заңның 7-бабының 6-тармағына сәйкес, төменгі тұрған немесе жауапты органға сол бір хатты қарау үшін жолдайды. Осыған орай бір хат әр түрлі органнан немесе бір органның әрбір басшысынан  бірнеше рет мемлекеттік органдарға түседі. Жолдаған хаттар бойынша бірінші келіп түскен мекеменің хатына жауап беріп, қалған мекемеден келіп түскен өтiнiштердi қарауды тоқтату мәселесі қайшылық тудыруда. Себебі, заңда бір тұлғаның бір мекемеге жолдаған өтініші туралы қаралып, жоғарыда көрсетілген мәселе қарастырылмаған.

2. ҚР «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес, құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті жария ету комиссияға жария ету субъектілерінің мынадай құжаттарды: 1) осы Заңға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтінішті (бұдан әрі – өтініш); 2) өтініш беру кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын көрсете отырып, оның көшірмесін; 3) объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысын; 4) жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын беруі арқылы жүргізіледі, - делінген.

Сонымен қатар, аталған заңның 3-бабының 1-тармағына сәйкес, мынадай мүлік: 1) ақша; 2) бағалы қағаздар; 3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі (бұдан әрі – қатысу үлесі); 4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа); 5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар); 6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.

Бұл ретте, заңның өзі құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар) жария етуге жатады деп көрсетіліп, аталған талаптарды анықтау үшін,  қажетті құжаттардың тізімінде көрсетпеген (мысалы, жердің мемлекеттік АКТ-сі және қызыл сызығы анықталған жердің топографиялық түсірілімі).

Осыған орай,құрылыс нормалары мен қағидаларына және жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесін анықтау барысында қиындық туғызады. 

3. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 279-бабында Талап қою арызын қараусыз қалдырудың негіздері көрсетілген, соның бірі өзінің мүддесіне сай іс қозғалған тұлға мәлімделген талапты қолдамаса; талап қоюшы талап қою арызын қайтарып алу туралы арыз берсе.

Сондай-ақ, ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының 12-бабының 4-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісі туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, осындай әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінуге міндетті, - деп императивтік норма ретінде көрсеткен.

Аталған заң нормаларында тапсырыс беруші өзіне өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу фактісіне байланысты, сотқа жосықсыз қатысушы деп тану туралы берген талап арызын,   ҚР АІЖК талаптарына сәйкес талап қою арызын қайтарып алу туралы арыз беруге болмайды деп көрсетілмеген және қандайда бір ескертулерде қарастырылмаған.

АІЖК-не сәйкес, талапкер өзінің мүддесіне сай қозғалған іс бойынша мәлімделген талапты қолдамау және талап қоюшы талап қою арызын қайтарып алу нормалары талапкердің құқығы ретінде қарастырылған.

Алайда, тексеруші мемлекеттік органдар тарапынан мемлекеттік сатып алу талаптарына сәйкес талап қою арызын қайтарып алу туралы арыз беруге болмайды деп көрсетеді.

Аталған мәселе заң нормалары тұрғысынан қайшылықтар туғызып, түсінбеушіліктерге алып келеді.

Егер, мемлекеттік сатып алудағы әлеуетті өнім беруші өзіне жүктелген міндеттерді мерзімін өткізіп алып болсада, немесе сот процесі жүру барысында орындап бітірсе, бұндай әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алудық жосықсыз қатысушысы ретінде танудың және сотқа берген талап арызды қараусыз қалдыруға болмайды деудің еш негізі болмауы мүмкін.

Есептік кезеңде Алатау ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ. 

 

Аппарат басшысы                                                                      Б.Торламбаев