АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қарттарым асыл қазынам!

12.10.2017

Қарттарым- асыл қазынам!



12.10.2017

ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ!



09.10.2017
 

«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ару Алматыға – 1001 түп жасыл желек» атты қалалық сенбілік өтті




  • Негізгі бет
  • Экономика
  • Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің 2016 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстарының есебі
Экономика ЭКОНОМИКА



Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің 2016 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстарының есебі


Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімімен салықтың төленуі және жұмыс орындары бойынша талдау жұмыстары, инвестициялық-индустриалды жобаларын жүзеге  асыруына бақылау жүргізілді.

Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының  18.03.2016 жылғы мемлекеттік бюджет болжамы  3млрд. 643 млн. 249 мың теңгемен белгіленіп,түсім 5 млрд. 208 млн. 590 мың теңгені құрады, орындалуы 143 %.

Республикалық бюджеттің  болжамы 2 млрд. 296 млн. 438 мың теңге, түскені 2 млрд. 922 млн. 655 мың теңге, орындалу 127%құрады.

Жергілікті бюджеттің болжамы 1 млрд. 346 млн. 811 мың теңгемен белгіленіп, бюджетке  2 млрд. 285 млн. 934 мың теңге түсті, яғни орындалу 170% құрады.

Өнеркәсіп саласы. Қаңтар-ақпан айларындағы көрсеткіш бойынша өнеркәсіп саласында (барлық ірі, орта, кіші және шаруашылық үй қызметтерін қоса алғанда) жалпы көлемі 12 млрд. 358 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіп саласындағы нақты өнімнің көлемі 97% құрады.

Ауданның қаңтар-ақпан айларындағы инвестициялық қоры 5млрд. 579 млн. теңгеге жетіп, 2015 жылғы 4 тоқсан бойынша аудандағы жұмысшылардың орташа еңбек ақысы 127 470 теңгені құрады. 

Кәсіпкерлік саласы: 2016 жылдың 29 наурыздағы мәліметке сәйкес, тіркелген жеке кәсіпкерлердің саны 18365, оның ішінде 1 тоқсанда 747. Ал, тіркелген заңды тұлғалар саны 3260, оның ішінде 1 тоқсанда 172.

Тауар айналымы: 2016 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы бөлшек тауар айналымы (базарлар мен жеке кәсіпкер қызметін қоса алғанда) 29 млрд.689 млн. теңгені құрап отыр.

Көтерме тауар айналымы барлық қызмет түрі бойынша 57 млрд. 685 млн. теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың 3айында кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімімен келесідей жұмыстар атқарылуда:

Алатау ауданындағы кіші және орта кәсіпкерлік иелеріне, кәсіпкерлікті жүргізу жөнінде кеңестер берілуде;

Базарлар мен сауда орталықтарындағы азық-түлік бағаларына тексеру жүргізілуде (инфляциялық жағдайларға мониторинг жүргізу);

Ай сайын аудандағы азық-түлік тауарлары қорының көлеміне мониторинг жүргізілуде.

Заңсыз сауданы жою барысында атқарылған жұмыстар: Ағымдағы жылдың I тоқсандағы заңсыз сауда орындарын жою бойынша құрылған жұмыс тобымен 34рейд ұйымдастырылды. Нәтижесінде 23-мотор майы, 18-жеміс-жидек, 14- самса, 9- тауық-грилі және 8 - донер-кебаб, 7–дүңгіршек жойылып,  33 - заңсыз жарнама алынып тасталды.

Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті

дамыту жөніндегі бөлімінің

басшысы                                                                                        Н.Абдалимов