2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Аудан басшысы Азамат Қалдыбеков №25 қалалық емханаға жұмыс сапары барысында Алатау ауданында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) енгізілуімен танысты.

22.01.2020
Аудан басшысы Азамат Қалдыбеков №25 қалалық емханаға жұмыс сапары барысында Алатау ауданында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) енгізілуімен танысты.


22.01.2020
Аудан әкімі Азамат Қалдыбеков Алатау ауданының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабдолдин Құдайберген Назарұлымен бірлесіп, Шаңырақ, Томирис, Рахат-Мәдениет ықшамауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.


22.01.2020
Азамат Қалдыбеков бүгін аудан ардагерлер кеңесімен жиын өткізді.

Білім беру БІЛІМ БЕРУ



Алатау аудандық «Ұстаз» кәсіподағы


Кәсіподақтың басты мақсаты – кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек және басқа да құқықтарын ұсыну мен қорғау .


Алатау аудандық «Ұстаз» кәсіподағы атқару комитетінің шешіміне сәйкес 2009 жылдың 08 қаітарында құрылды. Кәсіподақтың басты мақсаты еңбек адамының құқықтарын қорғау.

2019 жылдың 01 қаітарына «Ұстаз» АҚЖКО (Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағы) Алатау аудандық филиалының құрамында 42 ұйым бар. Олардыың:

- 25 мектеп

- 16 балабақша

- 1 оқушылар үйі

Осы уақытқа кәсіподақ мүшелерінің саны (2019 жылдың 01 қаітары.) – 4532 адам.

   Алатау ауданының барлық 42 білім мекемесі ұжымдық келісім шарттар жасап, мемлекеттік сәйкес органдарында тіркеген.

Алатау аудандық «Ұстаз» кәсіподағы қалалық кәсіподақпен бірігіп еңбек қорғау инспекторларына білім жетілдіру сабақтарын өткізді. Білім беру мекеме басшыларына, бухгалтерлерге, бастауыш кісіподақ басшыларына семинарлар ұйымдастырылады.

    «Ұстаз» АҚЖКО (Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағы) Алатау аудандық филиалы жыл сайын келесі шараларды өткізеді:

- Кәсіподақ мүшелерінің балаларына жаңа жылдық қойылымдар мен сыйлықтар

- «Үздік ұстаз» байқауы

- «Үздік тәрбиеші» байқауы

- Көктемгі және күзгі каникул кезінде Шонжы ыстық суларына демалыс қйымдастыру

- Көктемгі каникул кезінде Алатау аудандық «Ұстаз» кәсіподағының ауыспалы кубогы үшін волейболдан жарыс өткізу

- Шипажайларға демалыс ұйымдастыру

- Кәсіподақ мүшелеріне және олардың отбасыларына Ыстық көл мен Алакөл жағалауларына демалыс қйымдастыру

- күзгі каникул кезінде спорттың үш түрінен волейбол, үстел теннисі, шахматтан спартакиада өткізу

- «Қазақстанның Тәуелсіздігі күніне»орай спорттың үш түрінен волейбол, үстел теннисі, шахматтан өтетін қалалық спартакиадаға қатысу

Бұл кәсіподақ мүшелерін санын арттыруға арналған іс шаралардың бір бөлігі ғана.

Алатау аудандық "Ұстаз" кәсіподағының төрағасы Мухамедиев Қайрат Тлеулиевич