АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»

11.10.2019
ЕАЭО аясында импорттық және экспорттық тауарларды сақтау, өңдеу, жалдау және жүк тасымалдауға байланысты қызметтердің іске асырылуы және тауарлар қауіпсіздігінің мониторингі»


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында турнир өтті.


09.10.2019
Қарттар айлығы аясында ауданда көптеген іс-шара өтуде.

Білім беру БІЛІМ БЕРУ



Шомылу кезеңінде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!


            Алматы қаласының әкімі Б. Ә. Сағынтаевтың 2019 жылғы 9 шілдедегі № 3/447 қаулысына сәйкес қала аумағында шомылуға рұқсат етілген 4 орын анықталды:

1) Төле би көшесінен көлдің шығыс бөлігінен 200 метр оңтүстікке қарай;

2) Төле би көшесінен Пирсқа дейін көлдің батыс бөлігіндегі бағыттан оңтүстікке қарай 300 м;

3) ҮАК бойындағы Д. Қонаев атындағы жағажай аймағы- «Баум» тоғайы;

4) ҮАК бойындағы Д. Қонаев атындағы жағажай аймағы- «Гүлдер» демалыс орны.

Қалған су қоймалары мен өзен арнасы қауіпсіз болып саналғанмен шомылуға тыйым салынады! Бұл жерлерде шомылуға тыйым салынған арнайы белгілер орнатылған!

Осыған байланысты, Алатау ауданы төтенше жағдайлар бөлімі судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау туралы ескертеді, атап айтқанда:

- жабдықталған жағажайларда, суға шомылу үшін арнайы рұқсат берілген және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыз;

- жүзу білмесеңіз, белден жоғары суға түспеңіз;

- жүзу кезінде бір-біріңізден алыстамаңыздар;

- жағажайдан шұңқырлар мен белгілерден асып жүзуге болмайды;

- қайықтардан, көпірлерден және айлақтардан секірмеңіз;

- суға тым ұзақ түспеңіз, суықтап қалуыңыз және шаршауыңыз мүмкін;

- түнгі уақытта және мас күйінде суға шомылуға болмайды.