АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Ерлік ешқашан ұмытылмайды» кездесу кеші өтті

08.12.2018

«Ерлік ешқашан ұмытылмайды» кездесу кеші өтті



08.12.2018

Алатау ауданындағы Скандинавиялық серуен!



06.12.2018

Алатау ауданы Өндіріс аймағында Құсбегіліктен II Азия чемпионаты өтті


  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • «Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз және байытылған ұн туралы не білеміз?» атты акция өтті
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

23.10.2018

«Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз және байытылған ұн туралы не білеміз?» атты акция өтті

    2018 жылдың 19 қазанында, Алатау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының және Алматы қалалық ШЖҚ МКК «Ұлттық сараптама орталығының» мамандарымен «Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз және байытылған ұн туралы не білеміз? тақырыптарында «Өжет» ЖШС-нің базарында акция өткізілді.

    Аталған акция халықтың салауаттылығын жоғарылатуға, сапасыз тағам мен тауарларды ретсіз сауда орындарынан сатып алғанда салдары неге әкелетінін түсіндіруге бағытталды.

    Акция өткізу барысында халықтың сауаттарын ашумен қатар, фортификацияланған ұнның маңыздылығы мен санитариялық-эпидемиологиялық талаптарының негізі туралы құқықтық нормативтік актілердің өзгерістері түсіндірілді.

       Бұл күні әр тұтынушылар сатып алған өнімдерге тегін түрде заман талабына сай зертханалық құралдармен жедел әдістер бойынша, яғни жемістер мен көкөністердің құрамындағы нитраттарды және дайын тағам өнімдерінің бактериялық ластану дәрежесін анықтауға мүмкіншілік туды. Көптеген тұтынушылар сатып алған жеміс-жидектерін, көкөністерді және пісірілген тауарларын тексертуге әкелді. Зертхана мамандары шұғыл түрде тексеру жүргізіп, тұтынушыларға нәтижесін жариялап берді.

     Сонымен қатар, «Өжет» ЖШС-нің базарының маңында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының жеке кәсіпкерлік субъектісіне байытылған ұнды пайдалану керектігі бойынша санитариялық ағарту жұмыстары жүргізілді.

     Тұтынушыларға тағам қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және салауатты тамақтану бойынша 58 сұрақнама жүргізіліп, 53 дана ескертпелер мен парақшалар таратылып, тағам өнімдерін сатып алғанда неге мән беру керек екендігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тағам өнімдерінің қауіпсіздігін анықтауда корабына, таңбасына және сақтау мерзіміне көңіл бөлу керек екендігі туралы қажетті ақпараттар берілді.

23.10.2018