АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Аудандық Ішкі Істер қызметкерлері марапатталды.

27.06.2017
Аудандық Ішкі Істер қызметкерлері марапатталды.


23.06.2017
Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады.


19.06.2017
Ауданда ақ халатты абзал жандар күні аталып өтті.

Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

04.03.2016

Б.Байбек әйелдер қауымын алдағы болатын 8 Наурыз мерекесімен құттықтады

Бүгін Халықаралық әйелдер мерекесі -8 наурыз қарсаңында Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында мерекелік концерт өтті. Алматы әкімі Бауыржан Байбек салтанатты шарада қаланың барлық әйелдер қауымын көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтады.

«Барлықтарыңызды көгілдір көктемнің мерекесі- Халықаралық әйелдер күні 8 наурызбен құттықтаймын!Барлық кезеңде, барша халық жаны нәзік әйелдерді махаббаттың, бақыт пен ізгіліктің символына балаған. Қазақ қоғамында әйелдің мәртебесі қашанда жоғары, ол құрмет пен абыройға ие, ана отбасының діңгегі, дәстүр мен адагершіліктің жалғасы.Тарих жылнамасына көз жүгіртсек, бұрынғы аналарамыздың мемлекеттік деңгейде ойлап, ақылгөй кеңесші, әділ сот болғандықтарын да білеміз. Әйелдер еліміздің қоғамдық - саяси өміріне белсене араласып, өздерінің біліктілігін көрсетіп жүр. Бүгінгі әйелдер- білікті басшы, кәсіпкер, саясаткер, әскери қызметші, спортшы. Бұлардан басқа мамандықтар мен әлеуметтік рөл әйелдер үшін нормаға айналған», - деді өзінің сөзінде қала әкімі.

Салтанатты жиынға қаланың құрметті әйелдері: ҚазССР-і Жоғары кеңесі Президиумы төрағасының бұрынғы орынбасары, Социалистік Еңбек Ері Вера Сидорова, Қазақстанның Еңбек Ері, №159 гиназия директоры Аягүл Миразова, Социалистік Еңбек Ері Лидия Кочетова, ақын, Мемлекеттік сыйлық иегері Марфуға Айтхожина, ҚР-і Сыртқы Істер министрлігінің айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі Ақмарал Арыстанбекова, ҚР-ы ҒА-ның академигі Әлия Бейсенова, ақын, ҚР-ы алғашқы Гимнің авторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жадыра Дәрібаева, тележүргізуші, актриса, продюсер, көп балалы ана Салтанат Калиева және басқалары, барлығы 790-нан астам қатысуда.

«Әйелдер аспанның тең жартысын иықтарымен көтереді деген нақыл сөз бар. Шындығына келгенде, сіздер иықтарыңызбен бүкіл әлемді көтеріп келесіздер. Расында да солай! Біз барлығымыз Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын жақсы білеміз. Қиын кезеңге алғашқы болып бейімделген де әйелдер қауымы. Жаңа экономиканы тез арада меңгеріп, жас мемлекетіміздің аяғынан тік тұруына аянбай үлес қостыңыздар. Кіші және орта бизнесті дамытып, тәуекелге барып, жаңа істерді қолға алдыңыздар. Соның арқасында бүгінгі күні 13,5 мыңнан астам алматылық әйелдер кіші және орта бизнесті дөңгелетіп отыр. Ал мемлекеттік қызметте басшы лауазымда отырған әйелдер 27%-ды құрайды. Қаланың денсаулық сақтау мен білім беру саласындағылардың басым көпшілігі әйелдер. Мемлекет басшысы айтып өткендей, «барлық әлеуметтік блок біздің нәзік жанды әйелдеріміздің иығында» Сіздер қолға алған істердің барлығы да табысты. Өйткені, әйелдердің өмірдегі мәнінің өзі- жасампаздық», - деп атап өтті әкім.

Салтанатты шарада Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнін Алматы қаласы әкімдігінің эстрадалық- симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен А. Жұбанов атындағы музыка мектебінің ұл балалар хоры орындады, дирижері ҚР-ның Еңбек сіңірген қайраткері Александр Беляков, Полад Бюль-Бюль Оглының «Потому, что ты любишь меня» әнін IL canto квартеті мен «Виват» шоу балеті, «Арнау» дуэті Жомарт Қадыралиевтің «Егіз Лебіз» әндерін орындады. Бұдан басқада әндер орындалып, көпшіліктің көңілінен шықты.

Концерт соңында жиналғандардың барлығы қосылып «Әдемі - ау» әнін орындады.

04.03.2016