АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Дене белсенділігі»

07.12.2017

«Дене белсенділігі»



06.12.2017

Өз денсаулығың өзіңнің қолыңда



05.12.2017

Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік атты Ашық есік күні өтеді


Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

11.04.2015

Жалпықалалық сенбілікке 170 мыңнан астам алматылық қатысты

Бүгін Алматы көшелерінде, тұрғын үй аулаларында, қоғамдық орындарда, алаңқайлар мен жасыл желекті аймақтарда, арық жүйелері, су қоймалары мен өзен арналарында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша жалпықалалық сенбілік өтті.

Алматыдағы ардагерлер үйі аумағынан бастау алған шараға қала басшысы Ахметжан Есімов, мәдениет және өнер саласының өкілдері, қала жұртшылығы қатысты. Олардың қатарында КСРО және Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов төбе көрсетті.

Сондай-ақ, жалпықалалық сенбілікте қоғамдық және жастар ұйымдарының мүшелері, ПИК өкілдері, ЖОО мен колледж студенттері белсенділік танытты. Алматыдағы 8 аудан бойынша ағаш отырғызу және тазалық жұмыстарына барлығы 178 мың адам қатысты.

«Бұл жақсы көрсеткіш, осыншама қалың жұрт қатысатын өзге шаралар жоқтың қасы десе де болады. Бұл дегеніміз қала азаматтарының өз шаһарына қамқорлық танытатынын және қоршаған ортаға немқұрайлы қарамайтынын білдіреді, осы үшін барша қала азаматтарына алғысымды білдіремін», - деді Ахметжан Есімов.

Алматы әкімі қаладағы Жасыл желектер қорын жаңарту және дамыту бағдарламасын қорытындыларына тоқталды. Бағдарлама аясында 2010 жылдан бері 35 мың түп кәрі немесе ауру ағаштар сүріліп, орнына 4 есе көп немесе 120 мың түп жасыл желек отырғызылған. Ағымдағы жылы 30 мың ағаш отырғызылмық.

«Біз бағдарламаны тәмамдап келеміз, ол толықтай жүзеге асты десе де болады. Тозығы жеткен ағаштарды сүру аяқталды, енді тек жыл сайын 30 мыңдай жасыл желек отырғызылатын болады. Бағдарлама жасыл қорды жаңартуға ғана бағытталмаған, ең алдымен, тозығы жеткен ағаштарды сүру сынды ондаған жылдар бойы атқарылмаған жұмыстарды қолға алуға негізделген. Мысалы, биылғы қыс маусымында ағаштардың құлауы сынды жағдайлар тіркелмеген, яғни жұмыстың тиімділігін шаһар жұртшылығы да сезінді», - деді шаһар басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы Алматыда желтоқсан айында жаудырылған қар салдарынан 7 мыңдай ағаш құлаған болатын. Нәтижесінде электросым желілері үзілді, автокөліктер зақымданып, адамдар жапа шеккен болатын.

Жалпықалалық сенбілікте барлығы 4000 түп ағаш отырғызылды. Қаланың санитарлық жағдайын және көріктендіру жұмыстарын жақсартудан өзге, шаһарымыздың эстетикалық жағдайына үлкен мән берілді. Шара барысында ағаштарды ақтап, қоршауларды, турникеттер мен орындықтарды, қоқыс жәшіктерін бояу сынды жұмыстар атқарылды.

11.04.2015