2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Конституция күні мерекесі құтты болсын!

30.08.2020
Конституция күні мерекесі құтты болсын!


27.08.2020
Бүгін аудан әкімі Азамат Бескемпрұлы «Алтын және Күміс алқа» орден иегерлерін құттықтады.


26.08.2020
Көшпелі кездесу

Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

27.11.2018

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн

   Әйелдерге қатысты кемсітушіліктердің барлық нысандарын жою туралы конвенция ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қарашада «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізе отырып, Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні аталады.

         Акцияның негізгі мақсаты-көпшілік халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге, алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған қабылданып жатқан шаралар туралы таныстыру.

         Акцияға Алматы қаласындағы сенім телефондары арқылы консультативтік-құқықтық және психологиялық көмектер көрсететін дағдарыс орталықтары да қатысады.

         Алматы қаласы Департамент полициясы жергілікті полиция қызметі басқармасы Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің инспекторлары       зорлық-зомбылық құрбандарына келесідей сенім телефондары арқылы консультативтік-құқықтық көмектер көрсетеді;

Алатау ауданы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия телефоны: 299-86-13;

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы: 227-55-54.

        

Дағдарыс орталықтарының телефондары:

ҚҚ «Родник» - 396-19-38;

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы»

-«150»( тәулік бойы) немесе 87772255326.

«ARASHA» ДО -3175717

   

27.11.2018