АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Аудандық Ішкі Істер қызметкерлері марапатталды.

27.06.2017
Аудандық Ішкі Істер қызметкерлері марапатталды.


23.06.2017
Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады.


19.06.2017
Ауданда ақ халатты абзал жандар күні аталып өтті.

  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Метроның «Мәскеу» және «Сайран» бекеттерінде барлық жүйелерді байқап көру және тексеру жұмыстары аяқталып қалды
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

16.03.2015

Метроның «Мәскеу» және «Сайран» бекеттерінде барлық жүйелерді байқап көру және тексеру жұмыстары аяқталып қалды

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов метрополитеннің «Мәскеу» және «Сайран» атты екі жаңа бекеттеріне инспектрлік тексеру жүргізіп, оларды пайдалануға беру дайындығының жоғары деңгейде екендігін атап өтті. Қазіргі кезде бұларда барлық тестілік тексерулер мен өзге де сараптамалық жұмыстар аяқталып қалды, қызметкерлер штаты анықталды.

Мегаполис басшысы жолаушылардың қауіпсіздік мәселесіне айрықша назар аударып, жаңа бекеттердің барлық жүйелерін тағы да бір рет жіті тексеріп шығуды тапсырды. Негізінен, барлық тораптар мен агрегаттарды қайта сараптаудан өткізіп, қосу, жіберу мен реттеу жұмыстарының нәтижесін бақылау қажет екендігін айтты.

«Мәскеу» және «Сайран» бекеттерінің беріктігі ойдағыдай. Метро - спецификалық көлік, сондықтан мұнда бірінші кезекте жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жөн», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Мегаполис басшысы, жаңадан салынған «Сайран» және «Мәскеу» бекеттері іске қосылса, мамандардың болжамы бойынша жолаушылар қатары екі есеге артатынын жеткізді. Пайдалануға берілгеніне аз ғана уақыт болғанына қарамастан заманауи және экологиялық қауіпсіз көлік қала тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығып, еш үзіліссіз қызмет көрсетуде. Мысалы, егер алғашқы кездері метроны тәулігіне 13-14 мың адам пайдаланса, қазір олардың саны 24 мыңға жетіп отыр. Өткен жылдың аяғында тасымалданған жолаушылар саны 20 млн. адам болған.

Анықтама:

Қазіргі кезде Алматы жер асты көлігінің ұзындығы 8.56 км, «Сайран» және «Мәскеу» бекеттері іске қосылса оның ұзындығы тағы да 2,74 км. артатын болады.

«Сайран» бекеті Абай даңғылы бойына Брусиловский мен Тілендиев көшелерінің арасына орналасқан. Ұңғылау тереңдігі 18 метр. Платформа ұзындығы 74 м., биіктігі 11,5 м., ені 22,5 м. «Мәскеу» станциясы Абай даңғылы бойына Өтеген батыр мен Алтынсарин көшесінің арасына орналасқан. Платформа ұзындығы 74 м., биіктігі 11,5 м., ені 23,5 м. Әр станцияда 2 лифт пен 8 эскалатор жұмыс істейтін болады.

Жер асты көлігі тармағын Абай даңғылынан батыс бағытқа Момышұлы көшесіне қарай тарту метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезегінің құрылысын бастаған кезде жүзеге асады, оның құрамында «Family Park» аумағына енетін «Сарыарқа» бекеті мен Абай даңғылы бойымен Момышұлы көшесінің батысын қамтитын «Достық» бекеті болады.

16.03.2015