АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Аудандық Ішкі Істер қызметкерлері марапатталды.

27.06.2017
Аудандық Ішкі Істер қызметкерлері марапатталды.


23.06.2017
Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады.


19.06.2017
Ауданда ақ халатты абзал жандар күні аталып өтті.

  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Б.Байбек - «Тұрғын үй құрылысы әлеуметтік инфрақұрылымдар нысандарымен қатар салынуы тиіс»
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

27.08.2015

Б.Байбек - «Тұрғын үй құрылысы әлеуметтік инфрақұрылымдар нысандарымен қатар салынуы тиіс»

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданындағы «Нұркент» ТК тұрғындарымен болған көшпелі жиында құрылысшылар тұрғын үймен бірге міндетті түрде әлеуметтік инфрақұрылымдар - балалар бақшаларын, емханаларды қамтамасыз етулері тиіс деді.

«Бұл - маңызды мәселе, біз тек тұрғын үйлерді салумен ғана шектелуге жол бермейміз. Бала бақшаның болуы міндетті түрде ескерілуі тиіс, өйткені миграция мен тұрғындар арасында бала туу санының барған сайын артуына байланысты біз бұл мәселені тек мемлекет есебінен шеше алмаймыз. Сондықтан Бас жоспар бойынша құрылысты жүргізуші міндетті түрде бала бақша да салуы тиіс», - деді әкім.

Естеріңізге сала кетейік, Тұрғынүйқұрылысбанкінің салымшылары БАҚ беттерінде «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үйлер сапасының төмен әрі бала бақшалардың жоқтығы, коммуналды берешектері, абаттандыру мәселелері бойынша шағымданған еді.

Әкім орын алған жағдайға дәл сол жерде бағасын берді және «Нұркент» ТК тұрғындарының проблемаларын 1 қазанға дейін толық шешуді, тұрғындардың 100 пайыз қоныстануын, алдағы жылу маумысына дайындықты қамтамасыз етіп, инженерлік-коммуникациялық жүйелерді қосуды тапсырды. "Инвестиционная Группа "ЖерОлжа" ЖШС басшысы Хусеин Хасанов өз қаржысы есебінен спорт алаңы мен 400 автомобиль тұратын көлік тұрағын салатындығын айтты.

Мегаполис басшысы жергілікті басқару мен ПИК-тер арқылы тұрғындар да өз жауапкершіліктерін күшейтулері тиіс деп қадап тұрып айтты. Әкім ауданның әлеуметтік болашағын атап өтті. Даттық урбанист Ян Гейлдің «Алматы - адамдар үшін жайлы қала» Концепциясы аясында Момышұлы даңғылы қиылысы, Райымбек даңғылынан Ақан сері көшесіне дейінгі аумақтың абаттандырылатынын, 2017 жылы өтетін Универсиадаға қатысты Атлеттер ауылы мен Мұз аренасының салынып жатқандығын айтты.

«Ең бастысы, салынған барлық спорт нысандары Универсиада аяқталғаннан соң қалалықтардың, ең алдымен аудан тұрғындарының игілігіне қызмет ететін болады. Оның үстіне, ішкі барлық объектілер - мейрамханалар, магазиндер және басқалары аутсорсингке беріледі. Менің міндетім - жаңа кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындарын ашу. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда, сондықтан жедел штабқа ПИК-термен бірге тұрғындардың проблемаларын белгіленген мерзімде толық шешуді тапсырамын», - деп қорытындылады сөзін Б.Байбек.

27.08.2015