АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Дене белсенділігі»

07.12.2017

«Дене белсенділігі»



06.12.2017

Өз денсаулығың өзіңнің қолыңда



05.12.2017

Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік атты Ашық есік күні өтеді


  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматыда 100-ден астам медицина қызметкері жаңа жатақханадан пәтер кілттерін алды
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

29.12.2014

Алматыда 100-ден астам медицина қызметкері жаңа жатақханадан пәтер кілттерін алды

Бүгін Алматыда Алатау ауданының «Алғабас-6» ықшам ауданында салынған шағын отбасылық жатақханаға 138 алматылық медицина қызметкерлері қоныстанды.

Медицна қызметкерлеріне арнап салынған қызметтік жаңа жатақхананың ашылу салтанатында Алматы әкімі Ахметжан Есімов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалада денсаулық саласын дамытуға үлкен назар аударылып отырғанын айтты.

«Қалада тек үш жылдың ішінде ғана осы сала бойынша 18 нысан салынды. Жыл сайын саланы қаржыландыру көлемі артып келеді. Биыл медицина қызметкерлері күніне орай біз өз мүмкіндігімізді қарастырып, тағы да 1 млрд. теңге бөлдік, Оның 660 млн. теңгесі саланың үздік қызметкерлерін ынталандыруға жұмсалды, 2,5 мың адам 180 - 280 мың теңге көлемінде сыйақы алды. Қалған 340 млн. теңге жатақхана салуға жұмсалды», - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында 54 дәрігердің пәтер кілтін алғандығын, денсаулық саласындағы жақсы нәтижелерді де атап өтті.

«Біздің қолдау көрсетуіміздің арқасында халықтың денсаулығы да жақсара түсуде. Орташа өмір сүру жасы бойынша біздің қаламыз еліміз бойынша алдыңғы қатарда. Жалпы өлім, соның ішінде сәбилер мен аналар өлімі азаюда. Денсаулық сақтау көрсеткіші бойынша Алматы жетекші орында», - деді Ахметжан Есімов.

Шара соңында Алматы әкімі Жаңа жылмен құттықтап, жаңа жатақханаға қоныстанғандардың шаңырағына береке мен бақыт тіледі.

29.12.2014