АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Дене белсенділігі»

07.12.2017

«Дене белсенділігі»



06.12.2017

Өз денсаулығың өзіңнің қолыңда



05.12.2017

Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік атты Ашық есік күні өтеді


Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

30.01.2015

А.Есімов: Басты міндет - жұмыс орнын құру және сақтап қалу

Бүгін Алматыда ҚР-ы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мегаполистің бизнес қоғамдастығымен кездесті.

Кәсіпкерлік қызметті түбірінен жақсарту жөніндегі шараларды талқылаған дөңгелек үстелге қала әкімі Ахметжан Есімов, ҚР-ы Үкіметінің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, КОБ ассоциациясының басшылары және Алматының Іскерлік кеңесінің мүшелері қатысты.

Әкім Алматының дамуына кіші және орта бизнестің қосып отырған үлесі мен рөлін, кәсіпкерлердің негізгі салық төлеушілер екендігін атап өтті. Мысалы, 2014 жылдың қорытындысы бойынша кіші және орта бизнес барлық салық пен төлемдердің 66%-ын қамтамасыз етті. Бұл сегментке жарты миллион адам қатысты.

«Мемлекет тарапынан атқарылған нақтылы шаралар, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, даму институттарымен, банкілермен тығыз жұмыс істеу арқасында бұл көрсеткіш 25%-ға өсті. Осының барлығы қаланың КОБ-нің нәтижелі жұмысына оң ықпалын тигізуде.Қалада кіші және орта бизнестің үлесі артуда. 2014 жылы несие бөлу 2013 жылмен салыстарғанда 34%-ға өсіп, 472 млрд. теңгені құрады», - деді Ахметжан Есімов.

Алайда, әлемдік экономикалық қарқынның төмендеуі өз түзетулерін енгізуде. Бұл әсіресе, несие мәселесіне қатысты. Мысалы, өткен жылдың соңында несие бөлудің күрт қысқаруы жаңа жобаларды жүзеге асыру былай тұрсын, қаржыландыруды қайта қарауға, қаржы айналымын толықтыруға кері әсерін тигізді. Осыған орай, қала басшысы теңге бағамын арттыру шараларын қарастыру қажеттігін атап көрсетті.

Мегаполис басшысы мемлекеттік қордан қаржыландырылатын бағдарламаға қатысушыларды анықтау механизмін қайта қарау керектігіне баса назар аударды. Талқылау барысында ресейлік тауарлардың көп келуіне байланысты отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі жеке тақырып ретінде талқыланды. Осыған орай, әкім заңға қайшы контрабандалық және контрафактілік өнім өткізумен айналысатындарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту керектігін ұсынды. Алматы қаласының әкімдігі 2008 жылдан «Самрұқ-Қазына» ӘАҚ АҚ-ымен бірігіп «Мемтапсырыс» акциясын өткізіп келеді. Әкім «Самрұқ-Қазына» қорымен жұмыс істеудің оң нәтиже бергендігін айта келіп, алматылық кәсіпорындар үшін тапсырыс берудің жалпы көлемін ұлғайту керектігіне назар аударды.

«Егер бұрын біз жыл сайынғы «Мемтапсырыс» акциясы аясында 250-300 млрд. теңгеге қол жеткізсек, қазіргі кезде Алматы қаласы кәсіпорындары мен «Самрұқ-Қазына» қоры ұлттық компаниялары арасында жасалған келісімдер сомасы 700 млрд. теңгеден асып түседі. Біздің кәсіпорындар осы соманы игеру үстінде, бірақ мүмкіндігіміз едәуір жоғары. Біздің кәсіпкерлер сырттан келетін импорттық тауарларды шығаруға дайын. Қазір ортақ экономика, жұмыспен қамту, жұмыс орындарын құру мен оларды сақтап қалу, кәсіпорындарды жүктеу туралы ойлануға тиіспіз. Ал мұндай резерв көздері бізде жеткілікті», - деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде ҚР-ы Премьер- министрінің бірінші орынбасары қала әкіміне дөңгелек үстелді ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді және бизнес-қоғамдастықты «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті түбірінен өзгерту туралы» заңды белсенді түрде талқылауға шақырды.

Жиын барысында Алматы қаласы әкімдігі, ұлттық компаниялар және отандық тауар өндірушілер арасында жалпы сомасы 13 млрд. теңгені құрайтын 6 меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігі мен кәсіподақ арасында өндірістік процесстерді тұрақтандыру, еңбек құқығын қамтамасыз ету және 5700 жұмыс орнын сақтай отырып, қызметкерлерді жұмыспен қамту жөнінде 3 меморандумға қол қойылды.

30.01.2015