АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Президент жолдауы талқылануда

18.10.2018

Президент жолдауы талқылануда



17.10.2018

Алатау ауданында қарттар арасында «Көркемөнерпаздар» байқауы өткізілді



12.10.2018

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті


  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • «Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз және байытылған ұн туралы не білеміз? Фортификация дегеніміз не?» тақырыбындағы өткізілген акция
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

24.05.2018

«Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз және байытылған ұн туралы не білеміз? Фортификация дегеніміз не?» тақырыбындағы өткізілген акция

           

2018 жылдың 23 мамырында, Алатау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен «Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз және байытылған ұн туралы не білеміз? Фортификациялау дегеніміз не?» тақырыптарында «Өжет» базарында акция өткізілді.

           Аталған акция халықтың салауаттылығын жоғарылатуға, сапасыз тағам мен тауарды ретсіз сауда орындарынан сатып алғанда салдары неге әкелетінін түсіндіру болды.

           Тұтынушылар сатып алған тағам өнімдерін Алматы қалалық ШЖҚ МКК «Ұлттық сараптама орталығының» мамандарының жедел әдістерімен тексеріліп, үйге сапалы әрі қауіпсіз тағамды апаруларына мүмкіндік туды. Бұл өткізілген шаралар акцияның талабы бойынша тегін түрде заман талабына сай зертханалық құралдармен жедел әдістер бойынша, яғни жемістер мен көкөністердің құрамындағы нитраттарды, сүттің қышқылдығын және дайын тағам өнімдерінің бактериялық ластану дәрежесін анықтауға мүмкіншілік туды. Зертхана мамандары шұғыл түрде тексеру жүргізіп, тұтынушыларға нәтижесін жариялап берді.


Акция өткізу барысында фортификацияланған ұнның маңыздылығы мен санитариялық-эпидемиологиялық талаптарының негізі туралы құқықтық нормативтік актілердің өзгерістері түсіндірілді.

Сонымен қатар тұтынушыларға тағам қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және салауатты тамақтану бойынша 23 сұрақнама жүргізіліп, сатып алушыларды қызықтырып жүрген барлық сұрақтарына жауап берілді, әр тұтынушымен жеке түрде салауатты тамақтану тақырыбында кеңестер беріліп парақшалар таратылды.

Тағам өнімдерінің сатып алғанда сыртқы қорабына, сақтау мерзіміне және температуралық сақтау жағдайларына көңіл бөлу керек екендігі туралы қажетті ақпараттар берілді.


24.05.2018