
27.09.2018
Анофелогенді су қоймаларында безгек масаларына қарсы дезинсекциялық өңдеу
РММ «Алатау аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» 6 турдан тұратын Қарасу ықшам ауданы мекен-жайында орналасқан анофелогенді су қоймаларында безгек масаларына қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Анофелогендік су қоймасының жалпы көлемі- 4,0 га. Дезинсекцияық өңдеу жұмыстары 25.06.-дан 03.09.2018 жылға дейін бастап РМК ШЖҚ «Алматы қаласы Дезинфекция орталығы» филиалымен «Циперметрин» препаратын қолданумен жүргізілді. Сондай-ақ дезинсекциялық іс- шараның жүргізілу тиімділігін ағымдағы 2 тәуліктен кейін бақылауға алу үшін жүргізілді, безгек масасының жұмыртқаларының жойылуы 100% құрады.