АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қарттарым асыл қазынам!

12.10.2017

Қарттарым- асыл қазынам!



12.10.2017

ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ!



09.10.2017
 

«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ару Алматыға – 1001 түп жасыл желек» атты қалалық сенбілік өтті




  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Б. Байбек - «Индустриалдық жобаларды іріктеуде олардың экспортқа бағытталуы басты шарт болуы тиіс»
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

08.09.2015

Б. Байбек - «Индустриалдық жобаларды іріктеуде олардың экспортқа бағытталуы басты шарт болуы тиіс»

Бүгін Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбектің төрағалық етуімен Өңірлік үйлестіру кеңесінің (ӨҮК) отырысы өтті.

ӨҮК-нің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды, олар - Алматының 2015-2019 жыдарғы индустриализация Картасына жаңа индустриалды-инновациялық жобаларды енгізу және Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта жүзеге асатын индустриалды жобаларды іріктеу.

Отырыс барысында құрылыс, тамақ, химия және машина жасау өнеркәсібі салалары бойынша бірқатар жобалар қаралды.

Қала басшысы Алатау ауданындағы Индустриалды аймақтың әлеуметтік мәнін ерекше атап өтті. Әкім компаниялардан түсетін өтініштерді барынша мұқият саралауды айтты. Жобаларды іріктеу барысында экспорттық және импорттық бағыттың негізгі фактор болуы тиіс екендігін қатаң ескертті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында барлық жобалар жоғарытехнологиялы өнімге бағытталулары тиіс. Бұл - абсолютті критерий. Жерді тек экспортқа бағытталған өнідіріспен айналысатындарға ғана берген жөн. Мұндай жобалар бар, бірақ олар жеткіліксіз. Бұл басты шарттың қатаң сақталғаны абзал, сонда ғана бос тұратын жобалар жиынтығы болмайды», - деді Бауыржан Байбек.

Осылайша, жалпы құны 62,6 млрд. теңге болатын 22 жаңа жоба қабылданды. Нәтижесінде Алматының 2015-2019 жылдарғы индустриализация Картасына енді жалпы құны 80,2 млрд теңге болатын 29 жоба енеді, соның арқасында пайдалануға берілер кезеңінде 4 мыңнан астам, ал құрылыс барысында 5,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады.

Отырыс соңында қала әкімі бірқатар тапсырмалар берді, олар - барлық жобалардың қаржыландырылуы мен рұқсат құжаттарын тез арада берілуіне ықпал ету, соның ішінде жер мәселесі бойынша. Бұдан өзге техникалық жағдайлар мен инфрақұрылымға қосылу мәселелерін де шешіп беру.

08.09.2015