АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қарттарым асыл қазынам!

12.10.2017

Қарттарым- асыл қазынам!



12.10.2017

ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ!



09.10.2017
 

«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ару Алматыға – 1001 түп жасыл желек» атты қалалық сенбілік өтті




Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

09.05.2015

А. Есімов - «Біз Отан қорғаушылардың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз»

Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70 жылдығы мерекеленді. 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсіміне Алматы әкімі Ахметжан Есімов, Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері, ардагерлер Кеңесі қалалық филиалының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, алматылықтар мен мегаполис қонақтары қатысты.

Мегаполис басшысы қалалықтарды барша Қазақстан халқының есінде мәңгі қалған ерекше күн - Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтады.

«Бүгін біз шынында да аса ерекше айтулы күнді атап өтудеміз. Біз жер бетіндегі бейбітшілік пен тыныштық үшін қан төгіп, Отанымызды қорғаған жандардың ерлігін мен батылдығын ешқашан ұмытпаймыз. Соғыс кезінде Қазақстанда әрбір төртінші тұрғын майданға шақырылды. Олардың тең жартысы соғыс алаңынан оралған жоқ», - деді Ахметжан Есімов.

Қала әкімі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақстанның даңқты ұлдары мен қыздары республиканың өзге ұлт өкілдерімен бірге жауға қарсы аянбай шайқасты. Тыл орталығына айналған Қазақстанда үлкен мен кіші Ұлы Жеңіс жолындағы қуатты қозғалысқа бір кісідей қатысты» деген сөзінен үзінді келтірді.

Қала басшысы ардагерлерге соғыстан кейінгі жылдары туған мемлекетіміздің болашағы жолында жүзеге асырған игі істеріне алғыс айтты.

«Сіздер туған мемлекетімізді, кейін Тәуелсіз Қазақстанды қалпына келтіру ісіне белсене араласып, жас ұрпақты тәрбилеуді де назардан тыс қалдырмадыңыздар. Біздің басты мақсатымыз - әрбір ардагердің мемлекет тарапынан жасалып жатқан көмек пен қамқаорлықты жіті сезінуі», - деді Ахметжан Есімов.

Бүгінгі күні Алматыда 817 соғысқа қатысушы мен мүгедектер, 22 мыңнан астам тыл еңбеккерлері, 1370 соғысқа қатысушылардың жесірлері, 88 блокадашылар мен 57 концлагерлерде болғандар тұрады.

Биылғы мерейлі жылы Алматыда ҰОС-ның ардагерлеріне республикалық бюджеттен 25 мыңнан 100 мыңға дейін, жергілікті бюджеттен 30 мыңнан 150 мың теңге дейін бір реттік жәрдем ақша бөлінді. Бұлардан өзге, Мемлекет басшысының Жарлығымен 23 855 алматылық ҰОС-ы мен тыл ардагерлері, блокадашылар бірыңғай мерейлі «1941-1945 жылдарадғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы» медалімен марапатталды.

Қалада жеңіс мерекесіне арналған шара одан әрі қарай жалғасын табады, яғни «Астана» алаңында кешкі сағат 20.00-да концерт болады. Ұлы Жеңістің 70 жылдығының мерейлі салюті сағат 22.00-де екі нүктеден бір уақытта «Астана» алаңы мен «Сайран» өзенінен беріледі.

09.05.2015