АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдарын күшейту және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі Алматы қаласының атқарушы, құқық қорғау және арнайы органдарының өзара әрекеттесу Меморандумы

25.09.2018

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдарын күшейту және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту жөніндегі Алматы қаласының атқарушы, құқық қорғау және арнайы органдарының өзара әрекеттесу Меморандумы




24.09.2018

Ауданның құрылғанына 10 жыл толуына орай әлеуметтік қызметкерлер арасында боулингтен жарыс өтті



24.09.2018
Аудан көшелеріне жолды тегістеу жұмыстары жүргізілді

  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алатау ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері арасында «Боулингтен» жарыс өтті
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

23.02.2018

Алатау ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері арасында «Боулингтен» жарыс өтті

     Спорт – денсаулық кепілі. Әсіресе мемлекеттік қызметкерлер үшін спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын насихаттау, негізгі міндет болып табылады. Биылғы жылдан бастап аудан әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлының тапсырмасымен Алатау ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері үшін әр аптаның сейсенбі, бейсенбісі «Спорт күні» болып бекітілген. Бұл күндері жұмыс аяқталғаннан кейін қызметкерлер волейбол, футбол секілді спорт түрлерімен шұғылданады.


Соның дәлелі ретінде,17 ақпан күні «Боулинг» ойын-сауық орталығында қызметкерлер арасында боулингтен жарыс өткізілді.

       Тартысты бәсекеде Байжұмаев Жеңіс Қуандықұлы бастаған «7 – топ» I орынды қанжығасына байласа, Марат Жандос Маратұлы бастаған «8-топ» II орынды иеленіп, Айтбеков Нұрбек Қайратұлы бастаған «4-топ» III орынды місе тұтты.

    Сондай-ақ, жеке есепте 378 ұпай жинап белсене қатысқаны үшін Алғабас, Теректі ықшамаудандарының жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Жапақ Әбілахат Мәлиұлы 1 орынмен, 337 ұпай жинап белсене қатысқаны үшін қаржы – шаруашылық бөлімінің басшысы Алиев Скендір Тоқтарұлы, 320 ұпай жинаған Алатау аудандық қоршаған ортаны және экологияны қорғау бөлімінің басшысы Байжұмаев Жеңіс Қуандықұлы алғыс хатпен марапатталды. Командаларға аудан әкімі атынан кубоктар табыс етілді.


23.02.2018