АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Ерлік ешқашан ұмытылмайды» кездесу кеші өтті

08.12.2018

«Ерлік ешқашан ұмытылмайды» кездесу кеші өтті



08.12.2018

Алатау ауданындағы Скандинавиялық серуен!



06.12.2018

Алатау ауданы Өндіріс аймағында Құсбегіліктен II Азия чемпионаты өтті


  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Тағам өнімдерін өндіретін субъектілерінің өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

28.04.2018

Тағам өнімдерін өндіретін субъектілерінің өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді

   

      2018 жылдың 19 сәуірінде Алатау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының акт залында тағам өнімдерін өндіретін субъектілерінің өкілдерінің қатысуымен «Маусымдық жаппай дератизациялық жұмыстардың жүргізілуі. Өндірістік бақылауды ұйымдастыру. Тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлер беру. Зиянды заттармен жұмыс істейтін жұмысшыларға алдын-ала бақылау жүргізу. Фортификацияланған ұнның маңыздылығы. Йодталған тағам өнімдерін қолдану. Тағам өнімдеріне қойылатын техникалық регламент талаптарының орындалуы» тақырыптарында семинар-кеңес өткізілді.


     Кәсіпкерлерге есептік нөмір алмаған кәсіпкерлерге есептік нөмір алу міндетті екендігі және алу жолы түсіндірілді. Сонымен қатар тағам өндірісінде зиянды заттармен жұмыс істейтін жұмысшыларға алдын-ала бақылау жүргізудің маңыздылығы айтылып өтті.

      Қазіргі таңда адам денсаулығына қауіп төндіріп тұрған мәселе, ол тағам мәзірінде витаминдер мен минералдардың, атап айтқанда: темір, фолий қышқылы, В тобының витаминдері мен микроэлементтерінің жеткіліксіздігі болып тұр. Олардың жеткіліксіздігі иммунитеттің төмендеуіне, жүрек-қан тамыр, нерв, эндокриндік жүйелерінің бұзылуына, анемияға шалдықтыратыны ескерілді.

     Семинар кеңес қорытындысы бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 160 бабы түсіндіріліп және Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын жоғары және бірінші сортты бидай ұны міндетті түрде құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен және басқа да заттармен байытылуға (фортификациялануға) жатады деп түсіндірілді.

    Семинар-кеңес барысында кәсіпкерлер тарапынан өзекті сұрақтар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.         

28.04.2018