АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР

25.07.2017
2017 жылдың 17 шілдеде Алатау ауданында безгек масасына қарсы улаудың 3-туры өтті.


04.07.2017
Алатау ауданының құрылғанына биыл 9 -жыл.


27.06.2017
Аудандық Ішкі Істер қызметкерлері марапатталды.

  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Б. Байбек - Бұқаралық спорт түрін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау біздің басты міндетіміз
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

16.08.2015

Б. Байбек - Бұқаралық спорт түрін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау біздің басты міндетіміз

Бүгін Алматыда «Медеу» мұз айдынында Спорт күніне арналған алғашқы қазақстандық «CrossFit Bolashak Astana Games 2015» жарыстары өтті. Оның ашылу рәсіміне Алматы әкімі Бауыржан Байбек, «Болашақ» Қауымдастық Кеңесінің төрағасы Қуандық Бішімбаев және «Астана Банкі» директорлар Кеңесінің төрағасы Олжас Тохтаров қатысты.

Мегаполис басшысы өтіп жатқан шараның басты мақсаты заманауи спорт түрлерін танымал ету, дұрыс демалудың жаңа түрлерін ұйымдастыру, жастарды салауатты өмір салтына кеңінен тарту екенін атап өтті.

«Мен жастардың басым көпшілігінің бұл идеяны қолдайтындығына сенімдімін, болашақта кроссфит-жарыстарын өткізу алматылықтар үшін дәстүрлі спорт түріне айналмақ. Алматы - бұл еліміздің спорт орталығы. Мұнда 1100-ден астам спорт нысандары орналасқан. Оларды шоғырландыру жағынан біз әлемде жетекші орындамыз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтып өткендей, «тек дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті». Ал ұлттың бәсекеге қабілетті болуы - Мәңгілік Елдің басты шарты. Сондықтан біз үшін бұқаралық спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау басты міндеттердің бірі», - деді Бауыржан Байбек.

Аталған жарысты ұйымдастырушылар Алматы қаласының әкімдігі, «Болашақ» Қауымдастығы және «Астана банкі». Журналистер, блогерлер, бизнесмендер, қазақ эстрада жұлдыздары және түрлі компаниялар мен ұйымдар өкілдері арасынан 8 команда өзара сайысқа түсті. Жарыстар екі кезеңде өтпек, оның құрамына ауыр атлетиканың жоғары интенсивті интервалды жаттығулары, пауэрлифтингтің, гимнастика мен гир спортының элементтері енген.

16.08.2015