АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

14.08.2019
Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ


14.08.2019
Аудан бойынша мобильді топ жұмыс жасауда


13.08.2019
Адалдық алаңы

Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

18.12.2018

Тәуелсіздік сан ғасырлық арман-қол жеткізген ақиқат

    Алматы қаласы Алатау ауданы №152 мектеп-гимназиясында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдық» мерекесіне арналған «Тәуелсіздік сан ғасырлық арман-қол жеткізген ақиқат» тақырыбында мектеп ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен мерекелік кеш өтті.Кештің ашылу сәтін мектеп-гимназия директоры Абдикаримова Рима Сабыржанқызы ашып, көрермендерді кештің құрметті қонақтарымен таныстырды.Қонақта,Алатау ауданы Білім бөлімінің басшысы- Қасымбекова Айгүл Жұмабекқызы,Алатау ауданы Білім бөлімінің бас маманы - Байтасов Азамат Тәттімбетұлы, Алатау аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының кеңесшісі- Есенбай Қордай Сансызбайұлы,Франциядағы М.Шоқай атындағы француз-қазақ қоғамының төрағасы Жасар Дикег мырза,Вена қазақ қоғамының мүшесі Ғафар Юксель мырза, Алатау ауданы Ұлжан шағын ауданы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері қатысты.

   Іс-шара барысында мектеп ұстаздары мен өнерлі шәкірттеріміздің сахналық қойылымдары мен киген киімдері, жүріс-тұрыстары,сөйлеген сөздері кәсіби әртістерден кем түспеген оқушылардың өнеріне тәнті болған көрермендер мен келген қонақтар кеш соңында сөз сөйлеп, ризашылықтарын білдірді.

18.12.2018