АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Аудандық Ішкі Істер қызметкерлері марапатталды.

27.06.2017
Аудандық Ішкі Істер қызметкерлері марапатталды.


23.06.2017
Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады.


19.06.2017
Ауданда ақ халатты абзал жандар күні аталып өтті.

  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматының 2022 жылы өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының астанасы атануына барлық мүмкіндігі бар
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

14.02.2015

Алматының 2022 жылы өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының астанасы атануына барлық мүмкіндігі бар

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов Халықаралық Олимпиада Комитеті (ХОК) Бағалау комиссиясының мүшелерімен кездесті, олар 2022 жылы ХХІҮ Қысқы Олимпиада және ХІІІ Параолимпиада ойындарын өткізуге үміткер қала - мегаполистің осы жарыстарға дайындығын зерттеу мақсатымен келген болатын.

Қала басшысы инспекциялық сапардың маңыздылығын және «Алматы-2022» Концепциясына ХОК сарашылары мен консультантары айтқан ұсмныстардың енгендігін атап өтті. Барлық спорт нысандары тығыз орналасқан және ұтымды жасалған көлік жоспары болады. Жалпы, барлық нысандар бірыңғай Олимпиада паркінде орналасады.

«Біз 2011 жылы өткен 7-ші қысқы Азиада ойындарында жинақтаған тәжірибемізге және 2017 жылы өтетін қысқы Универсиадаға дайындыққа сүйенетін боламыз. Өздеріңіз көріп отырғандай, біздің өтінімнің маңызды бөлігіне айналған бұрыннан бар инфрақұрылымдарды толық пайдалану жөніндегі ХОК-нің ұсынысын ескердік», - деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде Бағалау комиссиясының мүшелері бүгінгі кездесудің тек қана Алматы мен Қазақстан үшін ғана емес, жалпы Орта Азия өңірі бойынша тарихи маңызы бар сапар екендігін ерекше атап өтті. Ресей Олимпиада Комитетінің президенті, 2014 жылы Сочи қаласында өткен Қысқы Олимпиада және Параолимпиада ойындары ұйымдастыру комитеті басқармасының төрағасы Александр Жуков ХОК атқару комитетінің Алматы өтініміне қолдау білдіруіне барлық мүмкіндіктердің бар екендігін айтты. Қала географиялық жағынан өте қолайлы жерге орналасқан, қысқы спорттық жарыстарды өткізуде жинақталған тәжірибе мол, әлемдік деңгейдегі қысқы спорттық нысандар жеткілікті.

«Егер жеңіске жететін болса қалаға ХОК тарапынан 880 млн. АҚШ доллары көлемінде қолдау көрсетілетін болады. ХОК бағалау комитетінің рөлі- спорттық нысандарға кешенді және техникалық баға берумен қатар олардың қалың бұқараға мұра болып қалатындығын да баса көрсету», - деді А.Жуков.

Комиссия тұжырымдары техникалық есепте толықтырылады, содан соң бекіту үшін ХОК-і атқару комитетінің мүшелеріне, кейін ХОК-нің барлық мүшелеріне жіберіледі және соңғы дауыс беруге бір ай қалғанда жарияланады. 2022 жылғы XXIV Қысқы Олимпиада және XIII Параолимпиада ойындарының астанасы болатын қала үстіміздегі жылдың 31 шілдесінде Куала-Лумпуре (Малайзия) қаласында ХОК-нің кезекті сессиясында жасырын дауыс беру арқылы белгілі болады.

14.02.2015