АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР

25.07.2017
2017 жылдың 17 шілдеде Алатау ауданында безгек масасына қарсы улаудың 3-туры өтті.


04.07.2017
Алатау ауданының құрылғанына биыл 9 -жыл.


27.06.2017
Аудандық Ішкі Істер қызметкерлері марапатталды.

  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматыда 2014 жылдың қорытындысы шығарылып, «2015-2017 жылдардағы дағдарысқа қарсы жоспар» қабылданды
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

19.01.2015

Алматыда 2014 жылдың қорытындысы шығарылып, «2015-2017 жылдардағы дағдарысқа қарсы жоспар» қабылданды

Алматыда экономиканың динамикалық тұрақты өсуі арқасында 2014 жылы ЖӨӨ өндіру көлемі 6 пайызға өсіп, 8 трлн. теңгені құрады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов бүгін мегаполистің 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2015 жылдың алда тұрған міндеттері туралы мәселе қараған алқалы жиында атап өтті. Өнеркәсіп пен құрылыста, көлік пен сауда және қызмет көрсету салаларында қарқын жоғары. Өткен жылы 1 330,8 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, бұл өткен 2013 жылмен салыстырғанда 14,5 %-ға артық. Банктік несие көлемі 5 трлн. теңгеге жетіп, 28,4%-ға артқан. Өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 649,1 млрд. теңге болып, 2013 жылмен салыстырғанда 2,1%-ға өскен.

«Өткен жылдың қорытындысын саралай келе Алматыда эконмиканың барлық салалары бойынша дамудың оң динамикасы қалыптасқандығын байқауға болады. Алайда, биылғы жыл экономикалық жағынан алғанда күрделі болайын деп тұр. Мен сенбі күні дағдарысқа қарсы жасалған жоспарға қол қойдым. Осыған орай, барлық құрылымдық бөлімшелерге шығынды оңтайландыруды тапсырамын. Бірінші басшылар бұл мәселені тікелей өз бақылауларына алулары тиіс», - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы қала құрылымдары басшыларына бірқатар нақтылы тапсырмалар берді. Атап айтқанда, бюджетті толтырудың, шығынды азайтудың, мемлекеттік- жеке серіктестік жұмысты одан әрі жандандырудың, мерекелік шаралар жоспарының санын қысқартудың жаңа көздерін іздестіру, әсіресе, әлеуметтік- маңызы бар тауарлардың тұтыну бағасы индексіне мониторинг жасауды күшейту, монополистердің инвестициялық жоспарлары негізінде коммуналық қызмет көрсету бағасын жіті тексеру, жыл ішінде 20 мың жаңа жұмыс орнын ашу атап көрсетілді.

Кәсіпкерлікті ынталандыруды күшейту мақсатында «Даму» АҚ-ымымен бірігіп Алматының аса маңызды секторы - сауда саласын одан әрі дамытуға барынша қолдау көрсетілетін болады. Бұл мақсатқа 4 млрд. теңге бөлінеді.

Тұтыну бағасының индексін 6-8% дәлізінде ұстап тұру үшін әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізссіз өсуіне жол берілмейді әрі осыған қатысты нақтылы шаралар жүзеге асады.

Алматы әкімі жиын жұмысын қорытындылай келіп, 2015 жылы да мегаполистің экономикалық саясаты бұрынғысынша әлеуметтік салаға бағытталатындығын атап өтті.

2014 года жылдың негізгі қорытындылары:

2014 жылдың 9 айы ішінде жалпы өңірлік өнім өндіру көлемі 10,2% -ға өсті.

2014 жылы мемлекеттік бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдер жинау бұрнағы жылдармен салыстырғанда 4,5 % -ға өсті, кедендік төлем 1 триллион 429,1 млрд. теңгені құрады. Алматы қаласының өткен жылғы нақтылы бюджеті 356 млрд. теңгені құрады, соның арқасында барлық салалар бойынша өсімге қол жетті.

Өткен жылы өнеркәсіптік өнім шығару көлемі 2,1%-ға артып, 649,1 млрд. теңгені құрады.

Орташа жалақы 155 140 теңге болды. Өткен жылы 23 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

19.01.2015