АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Аудандық Ішкі Істер қызметкерлері марапатталды.

27.06.2017
Аудандық Ішкі Істер қызметкерлері марапатталды.


23.06.2017
Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады.


19.06.2017
Ауданда ақ халатты абзал жандар күні аталып өтті.

Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

17.08.2015

Алматыда қаланың азық-түлік белдеуін дамыту барысының жағдайы туралы жиын өтті

Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбектің және Алматы облысының басшысы Амандық Баталовтың төрағалық етуімен Алматы қаласының айналасында азық- түлік белдеуін дамыту мәселелері бойынша жиын өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2008 жылдан бастап қала әкімдігі Алматы облысы әкімдігімен бірігіп мегаполистің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Алматы айналасында азық-түлік белдеуін дамыту бойынша жұмыстар жүргізіп келеді. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - бұл маңызды стратегиялық міндет. Осы уақыт ішінде қалада 16 жылыжай, 7 өнім сақтайтын қойма, 6 товарлы - сүт фермасы, 6 бордақылау кешені, ауыл шаурашылық өнімдерін өңдейтін 25 кәсіпорын пайдалануға берілді. Осының арқасында 3375 жаңа жұмыс орны ашылып, өнім шығару көлемі екі есе артты. Бүгінгі күні облыс өңірінде 47 мың шаруа қожалықтары жұмыс істейді, олар тұрғындарға 165 млрд. теңгенің тауарларын ұсынуда, бұл республика бойынша жалпы өнім көлемінің 40%-ын құрайды.

Жиында алда тұрған міндеттерді шешу жоспарлары белгіленді, соның ішінде Алматы облысы аграрийлерінің өз өнімдерін мегаполисте өткізулері үшін жағдай жасау мәселесі сөз болды. Яғни, Алматының ірі сауда кешендерінде тұрақты жұмыс істейтін әлеуметтік сауда нүктелерін ұйымдастыру қажеттілігі айтылды.

Алматы әкімі біріккен логистикалық орталықтар, жылыжай шаруашылықтарын, ірі қоймаларды құру және инвесторларды тарту өте маңызды екендігін атап өтті. «Бізде Алматы облысының бос жатқан жерлеріне өз инвестицияларын құйып, қаланы өніммен қамтамасыз ете алатын инвесторлар бар», - деді Б. Байбек.

Мұндай ынтымақтастық ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің тауар өткізу мәселелерін шешіп, қала тұрғындарын сапалы, экологиялық таза әрі арзан өнімдермен қамтамасыз етер еді.

Жиын соңында тараптар ауылшаруашылық жәрмеңкелерін жиі өткізу туралы уағдаласты, соның ішінде Алматы қаласының күніне орай. Бұдан өзге, кәсіби құрылымдарға инвесторларды кеңінен тарта отырып, қала маңындағы аймақта логистикалық орталық, жылыжай шаруашылықтарын, ірі ауылшаруашылық қоймасын салу; жобаларды жүзеге асыруға бизнес- қоғамдастықты тарту; Алматы облысы ауылшаруашылық өнім өндірушілерінің тауарларын әлеуметтік нүктелерді ұйымдастыру арқылы ірі сауда орындары мен қала базарларында сату мәселелерін жан-жақты қарастыру тапсырылды.

17.08.2015