АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қарттарым асыл қазынам!

12.10.2017

Қарттарым- асыл қазынам!



12.10.2017

ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ!



09.10.2017
 

«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ару Алматыға – 1001 түп жасыл желек» атты қалалық сенбілік өтті




  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • Алматыда мектеп жасына дейінгі білім беретін жаңа нысандардың саны артып келеді
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

29.01.2015

Алматыда мектеп жасына дейінгі білім беретін жаңа нысандардың саны артып келеді

Бүгін Алматы әкімі Ахметжан Есімов мектеп жасына дейінгі білім саласының жаңа нысандарын аралап көрді.

Қала басшысы Алатау ауданы Ақбұлақ ықшам ауданында орналасқан 120 орынды №95 бала бақшада және мегаполистің Медеу ауданынның аумағындағы 120 орынды №124 «Арнайы» (коррекциялы) ясли-бақшада болды. Әкім мектеп жасына дейінгі білім берудің вариативті түрін құрудың маңыздылығын атап өтті. Тәулік бойын жұмыс істейтін коррекциялық мекемелерді толықтай жергілікті бюджет қаржыландырады. Бұларда 2-7 жас аралығындағы көзі нашар көретін және тілі мүкіс балалар тегін білім алады. Кішкентай кезінен ем алған мұндай балалардың 70 пайызының көзі мен сөйлеу мәнері қалыпқа келетіндігі анықталған. Қазіргі кезде Алматыда мектеп жасына дейінгі 9 коррекциялық балалар мекемелері жұмыс істейді.

Қала әкімі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсыруы бойынша балаларға мектеп жасына дейінгі білім беруге айрықша назар аударылатындығын атап өтті. Мысалы, 2014 жыл «Алматы қаласында білімді дамыту жылы» деп жарияланды, соның арқасында өткен жылы 480 орынды 4 жаңа бала бақша салынып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, «Саялы» ықшам ауданында жалғыз басты аналар мен кезектесіп жұмыс істейтін ата- аналарды қолдау мақсатында қалада тұңғыш рет бес күн ішінде тәулік бойы жұмыс істейтін 320 орынды бала бақша мен «Үміт үйінде» арнайы топтар ашылды. Нәтижесінде, өткен жылы 800 орынды 5 бала бақша іске қосылды.

Әкім бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасады деп атап өтті.

«Қазіргі кезде 17 бала бақшаның құрылысы жүріп жатыр, оның 6-ы республикалық бюджет, ал қалған 11-і жергілікті бюджет есебінен салынуда, соның ішінде 5 бала бақша бүгін ашылып отыр», - деді Ахметжан Есімов.

Алматыда соңғы алты жыл ішінде 30 жаңа бала бақша ашылды, жалға алғандардың меншігінде болған 7 нысан қайтарып алынды.

29.01.2015