АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қарттарым асыл қазынам!

12.10.2017

Қарттарым- асыл қазынам!



12.10.2017

ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ!



09.10.2017
 

«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ару Алматыға – 1001 түп жасыл желек» атты қалалық сенбілік өтті




Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

06.02.2015

Алматыда Қазақстан халқының Ассамблеясы жылы басталды

Бүгін Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының жалауын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті. Аталған шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, қала құрылымдарының басшылары, республикалық, қалалық этномәдени бірлестіктердің, мегаполистің шығармашылық және ғылыми қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.

Ахметжан Есімов жиналған қауымды Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан құттықтады және Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған әрі биыл өзінің 20 жылдығын атап өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздің қалыптасуында аса зор роль атқарғандығын ерекше атап өтті. Осыған орай, Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен биылғы 2015 жыл Қазақстан халқының Ассамблеясы жылы деп жарияланды.

«Биылғы жыл - ортақ тарих пен тағдыр мәңгілікке біріктірген халқымыздың бірлігін паш ететін жыл. Қазақстан - бұл біртұтас жер, біртұтас халық, ортақ болашақ! Сондықтан, Ассамблея жылының басты идеясы - «Менің Елім - Мәңгілік Ел! Егемендік, бірлік және келісім рухы болашаққа деген сенімімізді арттырып, күш-қуатымызды еселесін! Біз - тағдыры ортақ, бірлігі жарасқан біртұтас елміз! Біздің қазақстандық жол - бейбітшілік, келісім және даму жолы!», - деген сөздер жазылған Мемлекет басшысының жеделхатын әкім жиналғандарға оқып берді.

Бұдан өзге қала әкімі Алматының Қазақстан халкы Ассамблеясының құрамына 34 этномәдени бірлестіктің енетіндігін, олардың этноаралық келісім мен этномәдениетті дамытуға зор үлес қосып келе жатқандығын баса көрсетті. Мегаполистің барлық аудандарында қоғамдық келісім Кеңестері құрылған. Олардың құрамына «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының,ҮЕҰ мен жастар ұйымдарының өкілдері, этномәдени бірлестіктер басшылары енген. Кеңес жиындарында қоғамдық-саяси мәселелерді шешу жиі талқыланып, игілікті істер жүзеге асуда.

«Біз мегаполистің саяси, мәдени процесстері мен қоғамдық өміріне барлық этноұйымдар өкілдерінің толық қатысуын қамтамасыз етіп, өзіміздің принциптерімізге адал болудамыз», - деп қорытындылады сөзін Ахметжан Есімов.

06.02.2015