АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Дене белсенділігі»

07.12.2017

«Дене белсенділігі»



06.12.2017

Өз денсаулығың өзіңнің қолыңда



05.12.2017

Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік атты Ашық есік күні өтеді


Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

19.03.2015

Алматыда жыл соңына дейін 2000-ға жуық қала тұрғынына пәтер кілті табыс етіледі

АЛМАТЫ. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында айтылған әлеуметтік жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы аясында тұрғын үй мәселесіне көп көңіл бөлініп келеді.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бастығы Қайрат Нұрқаділов мәлімдеді. 

Оның айтуынша, Алматыда нақты осы бағдарлама бойынша биыл қала тұрғындарына 803 пәтердің кілті табыс етіледі.

«Биыл сәуір айында біз жас отбасыларға 90 пәтер және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға 110 пәтер табыс етеміз. Олардың арасында алты Ұлы Отан соғысының ардагері де бар. Сонымен қатар қыркүйек айында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы шоттарында жеткілікті қаржы жинағандарға шамамен 350 пәтерді беру жоспарлануда. Ал үстіміздегі жылдың желтоқсан айында «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы тағы 300 пәтер жеке меншікке өткізіледі», - деді Қ. Нұрқаділов.

Ол осы мемлекеттік бағдарлама бойынша Алматы қаласында кезекте тұрғандарға жыл соңына дейін жалпы екі мыңға жуық пәтердің кілті табыс етілетіндігін жеткізді.


19.03.2015