АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ауданның құрылғанына 10 жыл толуына орай әлеуметтік қызметкерлер арасында боулингтен жарыс өтті

24.09.2018

Ауданның құрылғанына 10 жыл толуына орай әлеуметтік қызметкерлер арасында боулингтен жарыс өтті



24.09.2018
Аудан көшелеріне жолды тегістеу жұмыстары жүргізілді


24.09.2018

№178 лицейде Алатау ауданының 10 жылдық мерейтойына арналған мектеп оқушылары арасындағы роботехника байқауы өтті


  • Негізгі бет
  • Оқиғалар
  • «Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз және байытылған ұн туралы не білеміз? Фортификация дегеніміз не?»
Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

27.04.2018

«Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз және байытылған ұн туралы не білеміз? Фортификация дегеніміз не?»

          

      2018 жылдың 24 cәуірінде, Алатау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының және Алматы қалалық ШЖҚ МКК «Ұлттық сараптама орталығының» мамандарымен «Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз және байытылған ұн туралы не білеміз? Фортификациялау дегеніміз не?» тақырыптарында «Арзан» гипермаркетінде акция өткізілді.

       Аталған акция халықтың салауаттылығын жоғарылатуға, сапасыз тағам мен тауарларды ретсіз сауда орындарынан сатып алғанда салдары неге әкелетінін түсіндіруге бағытталды.

          Акция өткізу барысында халықтың сауаттарын ашумен қатар, фортификацияланған ұнның маңыздылығы мен санитариялық-эпидемиологиялық талаптарының негізі туралы құқықтық нормативтік актілердің өзгерістері түсіндірілді.

           Бұл күні әр тұтынушылар сатып алған өнімдерге тегін түрде заман талабына сай зертханалық құралдармен жедел әдістер бойынша, яғни жемістер мен көкөністердің құрамындағы нитраттарды, сүттің қышқылдығын және дайын тағам өнімдерінің бактериялық ластану дәрежесін анықтауға мүмкіншілік туды. Көптеген тұтынушылар сатып алған жеміс-жидектерін, көкөністерді және пісірілген тауарларын тексертуге әкелді. Зертхана мамандары шұғыл түрде тексеру жүргізіп, тұтынушыларға нәтижесін жариялап берді.

Сонымен қатар, «Арзан» гипермаркетінің маңында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының жеке кәсіпкерлік субъектісіне байытылған ұнды пайдалану керектігі бойынша санитариялық ағарту жұмыстары жүргізілді.

            Тұтынушыларға тағам қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және салауатты тамақтану бойынша 18 сұрақнама жүргізіліп, 45 дана ескертпелер мен парақшалар таратылып, тағам өнімдерін сатып алғанда неге мән беру керек екендігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тағам өнімдерінің қауіпсіздігін анықтауда корабына, таңбасына және сақтау мерзіміне көңіл бөлу керек екендігі туралы қажетті ақпараттар берілді.


27.04.2018