АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Елордасы Астанаға 20 жыл!

06.07.2018

Елордасы Астанаға 20 жыл!



04.07.2018

Алатау ауданына 10 жыл!



25.06.2018

Алматыда «Ұлы Дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этно-мәдениет фестивалі өтті


Оқиғалар ОҚИҒАЛАР

12.03.2018

«Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз»

        2018 жылдың 5 наурызында, Алатау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының және Алматы қалалық ШЖҚ МКК «Ұлттық сараптама орталығының» мамандарымен «Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз» тақырыбында «Алатау» сауда орталығында акция өткізілді.

       Аталған акция халықтың салауаттылығын жоғарылатуға, сапасыз тағам мен тауарды ретсіз сауда орындарынан сатып алғанда салдары неге әкелетінін түсіндіру болды.

    Бұл күні әр тұтынушылар сатып алған өнімдерге тегін түрде заман талабына сай зертханалық құралдармен жедел әдістер бойынша, яғни жемістер мен көкөністердің құрамындағы нитраттарды, сүттің қышқылдығын және дайын тағам өнімдерінің бактериялық ластану дәрежесін анықтауға мүмкіншілік туды. Көптеген тұтынушылар сатып алған жеміс-жидектерін, көкөністерді және пісірілген тауарларын тексертуге әкелді. Зертхана мамандары шұғыл түрде тексеру жүргізіп, тұтынушыларға нәтижесін жариялап берді.

   Сонымен қатар тұтынушыларға тағам қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және салауатты тамақтану бойынша 28 сұрақнама жүргізіліп, ескертпелер мен парақшалар таратылып, тағам өнімдерін сатып алғанда неге мән беру керек екендігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тағам өнімдерінің қауіпсіздігін анықтауда корабына, таңбасына және сақтау мерзіміне көңіл бөлу керек екендігі туралы қажетті ақпараттар берілді.

12.03.2018