2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Алматы қаласы әкімінің өкімімен Президент әкімшілігі мен мәслихат депутаттарының келісімімен Алатау ауданының әкімі болып Қалдыбеков Азамат Бескемпірұлы тағайындалды.

17.01.2020
Алматы қаласы әкімінің өкімімен Президент әкімшілігі мен мәслихат депутаттарының келісімімен Алатау ауданының әкімі болып Қалдыбеков Азамат Бескемпірұлы тағайындалды.


10.01.2020
2020 Әлеуметтік көмек алу


10.01.2020
10.01.2020 Әкімнің қабылдауы.

  • Негізгі бет
  • ТКШ
  • 2019-2020 жылғы қысқы жылыту маусымына Алатау ауданы коммуналдық шаруашылық сала нысандарының дайындығы туралы ақпарат. Тұрғын үй қоры
ТКШ ТКШ



2019-2020 жылғы қысқы жылыту маусымына Алатау ауданы коммуналдық шаруашылық сала нысандарының дайындығы туралы ақпарат. Тұрғын үй қоры


Алатау ауданында 655 көппәтерлі тұрғын үй орналасқан. Оның ішінде: - 477 көппәтерлі тұрғын үйге қызмет көрсететін 22 пәтер иелері кооперативі мен басқаршылар компаниялар жұмыс жасайды; - 125 үй басқару компанияларына кірмеген; - 45 үй қолданысқа енгізілмеген; - 8 үй жатақхана ретінде пайдалануда. 655 үйден 526 тұрғын үй орталық жылу жүйесімен, 129 үй дербес бу қазандықтарымен жылытылады. 16 үй қоныстанбаған («Ақкент» ТҮК - 8 үй, «Зердели» ы/а - 2 үй (аварийный), «Саялы» ы/а - 2 үй және Стрелецкая көшесі – 2 үй, Текелі көшесі – 2 үй). Саялы ы/а 45 үй пайдалануға берілмеген. Қазіргі уақытта қысқы жылыту маусымына дайындық актісін алуға тиісті 412 үйден 380 ( 17,7 %) көппәтерлі үйдің қысқы маусымға дайындық Актісі алынды. Дегенмен, аудан бойынша «Отау көмек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (12 үй) мен «Алатау- 5» тұтынушылар серіктестігі (16 үй) қысқа дайындық жұмыстарын өз дәрежесінде атқармай, «АлматыЖылуЖүйесі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен қысқа дайындық актісін алмады.