АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады.

23.06.2017
Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады.


19.06.2017
Ауданда ақ халатты абзал жандар күні аталып өтті.


09.06.2017
1 маусымында Алатау ауданында кенеге қарсы улау шарасы өтті.

  • Негізгі бет
  • ТКШ
  • Алатау ауданы бойынша тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет
ТКШ ТКШ



Алатау ауданы бойынша тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет


     Аудан бойынша қазіргі таңда 297,37 шақырым газ құбыры бар болғанымен, әлде де 192,43 шақырым газ құбыры қажет.
     2010 жылы барлығы аудан бойынша 553 млн. 395 мың теңгеге 68770 метр газ құбыры тартылды.
     2011 жылы барлығы аудан бойынша 432 млн. 369 мың 326 теңгеге 19167 метр газ құбыры тартылды.
     Атап айтқанда:
     1. Шаңырақ-1 (орта қысымды)-2256,0 м -26 млн.124 мың 376 теңге;
     2. Шаңырақ-2 «орта қысымды)-3055,0 м -47 млн.12 мың 20 теңге;
     3. Өжет (6-шы қалашық) (орта және төменгі қысымды) – 3600 метр 222 млн 750 мың теңге; (2010 жылы басталған);
     4. Қарасу (мкр.Новый) (орта қысымды)- 2606 м.- 28 млн. 489 мың 930 теңге;
     5. Әйгерім (төменгі қысымды)- 3500 метр- 29 млн. 968 мың теңге;
     6. Түркістан (орташа, төмен қысымды)- 2550 метр- 40 млн. 329 мың теңге;
     7. АЗТМ-Алғабас (орта қысымды)- 1600 метр- 37 млн.696 мың теңге;
     Сонымен қатар, Ұлжан-1 шағын ауданында жобалау жұмыстарына ұзындығы- 20191 метрге, құны-13 млн.736 мың теңге қаражат бөлінді.
     Табиғи газбен аудан тұрғындарын толық қамту үшін «КазТрансГаз-Алматы» мекемесі тарапынан келесі ықшам аудандарға техникалық ұйғарым жасалынып, жоба сметалық құжаттама дайындалды: АЗТМ, Ақбұлақ (Шарипов, Аханова, Шуланов көшелері), Әйгерім-2, Көк Қайнар,Трудовик, Шаңырақ-1(Қарқара көшесінен оңтүстікке), Шаңырақ-2, Дархан, Байбесік, Ұлжан-2, Қарасу (Боралдай тас жолынан солтүстікке).
     Сонымен қатар, келесі аймақтарды газдандыру үшін жоба сметалық құжаттама дайындауға қосымша өтінім жолданды: Жоғарғы Трудовик, «Сақ қорғаны», «Радуга» бау-бақша серіктестігі, Алғабас-4, АЗТМ ықшам ауданының батысы және шығысы, «Крона-Плюс», Дархан ықшам ауданының солтүстік-шығыс жағы.
     Сондай-ақ, тұрғындардың өз қаражаты есебінен 730 тұрғынның газ құбырына қосылу жұмыстары ұйымдастырылды. Қарасу ықшам ауданында тұрғындарды газ құбырына қосу жұмысымен «АДФ Строй Плюс» ЖШС, Шаңырақ-2 ықшам ауданында «Монарх» ЖШС, Әйгерім ықшам ауданында ПКСД «Виктория Хаус», Ақбұлақ ықшам ауданында «Баймат Құрылыс» ЖШС, Өжет ықшам ауданындап «Сигма» ЖШС айналысуда.
     2012 жылы ауданның «Ұлжан» ықшам ауданында 28 км. 993 метр төмен қысымды газ құбырын тарту үшін қалалық бюджеттен 150 млн. 470 мың теңге қаражат бөлінді.
     Техникалық шарттарды алу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін әр абонент келесі мекен-жайға өтінішпен жүгінуі тиіс: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 42/44, №3 стол.
     Өтінішке келесі құжаттардың көшірмелерін қоса ұсынуы керек:
     1. Жер теліміне жеке меншік құқығын беретін Акт;
     2. Үйдің техникалық паспорты;
     3. Үй иесінің жеке куәлігі мен ЖСҚН;
     4. Газ қондырғысының газ шығымы көрсетілген паспорты.