АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Президент жолдауы талқыланды

10.10.2018

Президент жолдауы талқыланды



09.10.2018

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасы жөнінде ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстары жүргізілді



09.10.2018

Алатау ауданында 20 ауланы көріктендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде


Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Назар аударыңыз!!! Энтеровирустық жұқпа.


Энтеровирустық жұқпа – Жедел инфекциялық жұқпалар тобы, ішек жұқпаларының энтеровирустық жұқпасымен шақырылатын, жүрек-қан тамырлары жүйесі, асқазан-ішек, бұлшықет жолдарын, тыныс алау мүшелері, бауыр мен бүйрекке тағы да басқа адам бойындағы мүшелерге әсер етеді. Көп жағдайларда энтеровирустық жұқпа кезінде ешкандай ауру белгісі байқалмайды. Көп жағдайда клиникалық белгілері пайда болады- суықтау кезіндегі аурулар, энтеровирустық жұқпалар ЖРВЖ жұқпасының екінші қоздырғыштары болып есептелінеді.

Энтеровирустық жұқпаның берілу жолдары – Ауру жыл мезгіліне қарай білініп отырады. Көбінесе көктем-жаз, жаз-күз мезгілінде байқалады. Жұқтыру көздері- су, тағам, жөтелу, түшкіру арқылы жұқтырады. Көбінесе ашық су қоймаларында шомылу кезінде болады. Балалар арасында 3 пен 10 жас аралығындағы балалар жиі ауырады. Инкубациялық кезең 2 мен 10 күнді құрайды (көбінесе 2-5 күн). Ауру белгілері жедел басталады, дене қызуы 38-39 С-қа дейін көтеріледі. 3-5 күнге дейін жоғары көрсеткіште болып, сосын төмендей бастайды. Дене қызуы жоғарлаған балада әлсіздік, ұйқысыздық, бас ауруы, әлсіздік, жүрек айну, құсу пайда болады. Сонымен қатар лимфотүйіндері ұлғаяды.

http://anymoto.ru/photos/golovnaya-bol-i-jar-u-detey-27881-large.jpg

Асқыну – энтеровирустық жұқпа адам организмінің барлық мүшелеріне әсер етеді. Кей кезде иммунитеті әлсіреген адамда менингит пен энцефалит жұқпасына айналуы мүмкін. Өздігімен ем қабылдағаннан және медициналық көмекке кеш қаралғандықтан асқынуларға әкеп соғады.

Энтеровирустық жұқпаның емі – энтеровирустық жұқпаның спецификалық емі болмайды. Барлық жағдайда дәрігердің кеңесіне жүгінген жөн. Тағам түрі ақуыздарға мол, жеңіл болуы керек. Сұйықтық көп мөлшерде болуы қажет, қайнаған су, газсыз минералды су, кампот, соктар. Ұйымдасқан ортаға баратын балалар ауру кезеңінде оқшауланады. Аурудың барлық белгісі жойылған кезде кайтадан барады.


Өзіңді қалай қорғау қажет

Энтеровирустық жұқпаның спецификалық алдын-алу әдістеріне мыналар жатады:

-         әжетханаға барғаннан кейін қолды міндетті түрде сабынмен жуу, көшеден қыдырып келгеннен кейін, әр тамақтану алдында жуу қажет;

-         тек қана бөтелкедегі және қайнаған су ішу қажет;

-         жемістер мен көкөністерді қолдану алдында мұқият тазалау;

-         отбасының мүшесі ауырған жағдайда, ыдыс-аяқтарын, жеке заттарын дезинфекциялау;

-         сонымен қоса, үйдің ауасын жиі тазартып, дымқыл шүберекпен тазартып отыру қажет;

-         рұқсат етілген аумақтарда ғана шомылу.