АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Тұрғындарды қабылдау

12.11.2019
Тұрғындарды қабылдау


11.11.2019
«Таза қолдар» тақырыбындағы өткізілген акция


08.11.2019
«Нұр Отан» партиясының Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары алматылық құтқарушылармен кездесті

Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Пальма майы: пайдасы мен зияны


Пальма майы-майлы пальма жемісінің ет бөлігінен алынған өсімдік майы (Elaeis guineensis). Бұл пальма тұқымының майы пальмоадр майы деп аталады. Бүгінгі күні пальма майы әлемдегі ең қажетті өнімдердің бірі болып табылады (өндіріс көлемі бойынша ол тек соя майынан кем түседі). Пальма майы кондитерлік өнеркәсіпте кеңінен қолданылады, себебі ол табиғи дәм күшейткіш, сондай-ақ өнімді ұзақ сақтауға ықпал етеді. Сонымен қатар, пальма майын сүт және сүт қышқыл сүт өнімдері: сүзбе, ірімшік, йогурт, қаймақ және айран өндірісінде кездестіруге болады. Пальма майының өңделген түрінде өнімнің пайдалы қасиеттері сақталады, және рафинирленген түрінде пайдалы қасиеттері бірнеше есе аз болады. Майдың екінші түрі тамақ өнеркәсібінде қолданылады.

Пальма майының пайдасы

- Витаминдер жинағы: A, E, коэнзим Q10, B6, D және F.

- Холестерин жоқ.

- Құрамында транс-майлар жоқ. Пальма майы сұйық және қатты болып бөлінеді. Тамақ өнімдерін өндіру үшін қатты түрі кеңінен қолданылады. Оны өңдеу (гидрогенизация) қажет емес, ол қажетті консистенцияға ие. Бұл оның артықшылығы болып табылады.

Адам денсаулығына пальма майының зияны

1. Атеросклероз қаупі.

2. Пальма майындағы Канцероген. Зерттеу жүргізу кезінде жартылай фабрикаттарда пайдалану үшін пальма майын өңдеуге байланысты осы маймен анцерогенді ластаушы арасындағы байланыс бар екендігін майды 200 градус цельсиға қыздырған жағдайда туындайтындығын анықтаған. 2016 жылы Еуропалық Азық-түлік қауіпсіздігі агенттігі (EFSA) канцероген болып саналатын және тазартылған пальма майында 3 – МХПД затының жоғары деңгейінің болуы бүйрек пен ерлердің репродуктивті жүйесіне қауіп төндіруі мүмкін екендігін анықтаған.

3. Гидрогенизацияланған пальма майы. Сондай-ақ, пальма майы шикі күйінде де, гидрогенизацияланған түрде де тамақ өнімдерінде де қолданылатынын атап өткен жөн. Дәл осы түрде ол сүт және кондитерлік өнімдерді қоса алғанда, тамақ өнімдеріне қосылады және сөзсіз зиян келтіреді. Гидрогенизация процесінде қыздырылған май арқылы қысым астында сутегін өткізеді, нәтижесінде оның молекулалық құрылымы өзгереді. Гидрогенизация процесінен кейін пальма майы трансжирге айналады, олар жасушалардың толыққанды тамақтануына кедергі жасайды және ағзаның көптеген жүйелерінің жағдайына теріс әсер етеді. Бұл көптеген бұзушылықтардың себебі болып табылады:

- холестерин деңгейін арттыру

- атеросклероздың даму қаупі

- жүрек-қантамыр аурулары

- тіндердегі алмасу процестерінің бұзылуы

- созылмалы қабыну

- семіздік

4. Пальма майы-балалар қоспасында жиі болатын ингредиенттердің бірі. Өйткені, кез келген қоспада май болуы керек. Қоспаны өндірушілер емшек сүтінің пальмитин қышқылын қалпына келтіру мақсатында пальма майын қосады. Дегенмен, пальма майы балалар ағзасына нашар сіңеді, бұл сүйек тінінің тығыздығына әкеледі. Пальмитин қышқылы ағзаға сіңірілмеген кезде, ол кальциймен реакцияға түседі және ерімейтін күйге айналдырады. Нәтижесінде баланың ағзасына ерімейтін май мен кальций бөледі.Пальма майын қоспада тұрақты тұтынған жағдайда, балаға қажетті майларды ғана емес, сонымен қатар толыққанды дамуына қажетті ка