2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Бүгін аудан әкімі Азамат Қалдыбеков ауданның көп балалы аналарынан келіп түсетін мәселелер бойынша азаматтарды көшпелі қабылдауды ұйымдастырды.

26.06.2020
Бүгін аудан әкімі Азамат Қалдыбеков ауданның көп балалы аналарынан келіп түсетін мәселелер бойынша азаматтарды көшпелі қабылдауды ұйымдастырды.


25.06.2020
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында бүгін «Нұркент» ықшамауданының тұрғындарымен барлық крантинді шараларды сақтай отырып, көшпелі кеңес өткізілді.


24.06.2020
Бүгін Жасыл экономика қалалық басқарамасының өкілдері «ЛМ Транспроэкт» ЖШС жобалау -сметалық құжаттамасын әзірлеушілер мен Қарасу шағын ауданы тұрғындарының қатысуымен көшпелі кеңес өткізілді.

Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Назар аударыңыз!!! Энтеровирусты инфекция


Энтеровирусты инфекция – бұл ішек вирустарынан (энтеровирустар) туындайтын, қызба және полиморфизм сынды клиникалық симптомдармен сипатталатын, ОНЖ, жүрек-қан тамыры, АІЖ, бұлшытет жүйесі, өкпе, бауыр, бүйрек және т.б. ағзалардың зақымдалуымен шарттасқан жіті инфекциялық аурулар тобы. Бұл аурулар тобы көбінесе асимптоматикалық болып табылады. Клиникалық белгілерінің көбісі суық тию белгілеріне ұқсас, сонымен қатар, энтеровирустар тыныс алу жолдарының вирустық инфекциялар тудыратын қоздырғыштар арасында жиілігі бойынша екінші орында тұр.

         Энтеровирусты инфекцияның берілу жолдары.

         Энтеровирусты инфекция маусымды инфекциялар түріне жатады, және көктем-жаз, жаз – күз айларында пайда болуы мүмкін. Инфекция жөтелу, түшкіру кезінде су, азық-түлік арқылы ағзаға енеді. Көп жағдайда инфекция ашық су көздерінде шомылу кезінде жұғады.

3 тен 10 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады.

Инкубациялық кезең – 2 – 10 күн (жиі 2-5 күн). Ауру шұғыл түрде дене қызуының 38-39º С көтерілуінен басталады. Жоғары температура 3-5 күн бойы сақталып, одан кейін төмендей бастайды. Температура көтерілген кезде балалар бастың ауырғанын, жүрек айну, әлсіздік, уйқышылдық сияқты белгілерді сезінеді. Сонымен қатар мойын, жақасты лимфа түйіндерінің ұлғайғаны байқалады.

Асқынулар: Аурудың адам ағзасының барлық мүшелері мен ұлпаларына енуі, энтеровирусты инфекцияның клиникалық белгілерінің себебі болып табылады. Кейде адамның иммунитетінің әлсіздігінен немесе басқа да қосымша аурулардың болуынан менингит, энцефалит сияқты ауруларға асқынуы мүмкін. Тағы басқа асқынулар ауруды өздігінен емдеу немесе уақытылы білікті дәрігерлердің көмегіне жүгінбеудің әсерінен болып жатады.

Энтеровирусты инфекцияны емдеу жолдары.

Специфического лечения энтеровирусной инфекции не существует. Аурудың әр жағдайына дәрігердің кеңесі қажет. Адам жеңіл әрі ақуызға бай тағамдармен тамақтану керек. Қайнаған су, газсыз минералды су, компот, шырындарды көп мөлшерде ішкен дурыс. Балабақша, мектепке баратын балалар аурудың барлық белгілері жойылғанша оқшауланады.

                  

             Өзімізді қалай қорғаймыз?

            Энтеровирусты инфекцияның алдын алу шаралары:

-         дәретханадан кейін, далада серуендеуден кейін және тамақтанудын алдында қолды сабынмен жуу;

-         қайнаған, бөтелкедегі суды ішу;

-         жеміс-жидектерді пайдалану алдында тазалап жуу;

-         отбасы мүшесі ауырған жағдайда, ауырған адам пайдаланған ыдысты, оның пайдаланатын жеке заттарын дезинфекциядан өткізу керек;

-         үй бөлмелерін жиі желдету, тазалық ережелерін сақтау;

-         рұқсат етілген орындарда ғана шомылу;