АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Ерлік ешқашан ұмытылмайды» кездесу кеші өтті

08.12.2018

«Ерлік ешқашан ұмытылмайды» кездесу кеші өтті



08.12.2018

Алатау ауданындағы Скандинавиялық серуен!



06.12.2018

Алатау ауданы Өндіріс аймағында Құсбегіліктен II Азия чемпионаты өтті


Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



«Дене белсенділігі» тақырыбындағы өткізілген акция


          Алатау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитариялық-гигиеналық қадағалау бөлімінің мамандарымен 2018 жылдың 12 қыркүйегінде Рысқұлова көшесі,103/3 мекен жайындағы Алатау сауда орталығында орналасқан «Legion» ЖШС-нің жаттықтыру залында «Дене белсенділігі» тақырыбында акция өткізілді.

       «Қозғалыс бұл - өмір». Белсенді қозғалыссыз жүретін адамдардың аяқасты өлу қауіпі күніне кемінде 30 минут белсенді қозғалыста жүретін адаммен салыстырғанда 20-30% жоғары болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дене белсенділігімен айналысу бойынша негізгі ұсыныстары: балалар мен жасөспірімдерге – күнінде кемінде 60 минут, ал ересектерге - 150 минут күнделікті дене белсенділігі мен тепе-теңдікті сақтау үшін жаттығулар жасау қажет деп ескертілген.

       Сондықтан, аталған акцияның басты мақсаты - халық денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылықты арттыру және құнарлы, сапалы тамақтануға бағытталды. Тұтынушылар арасында мықты денсаулық пен жоғары иммунитеттің негізгі шарттары дұрыс үйлесімді тамақтану мен спорттық шынығулар болып табылатындығын түсіндіру болды.

Акцияға жаттықтыру мамандары мен келушілер қатысты.

      Акцияны қорытындылай келе келушілер белсенді спортпен айналысу және дұрыс тамақтанудың денсаулықтың басты кепілі екендігіне қатысушылар сенім білдірді.