АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Кедергісіз келешек партиялық жобасы қайырымдылықтың белгісі

13.02.2018

Кедергісіз келешек партиялық жобасы - қайырымдылық белгісі



05.02.2018

ҚҰРМЕТТІ

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІ!



05.02.2018

Аудан әкімі Рыспаев Шахмерден Сыртбайұлы тұрғындармен 8-ші кездесуін «Ұлжан» ықшамауданында өткізді


Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Абай болыңыздар! Ботулизм-өте қауіпті!


   Ботулизм- тағамнан улану, Clostrіdіum botulіnum бактериясының улы затымен (токсин) ластанған тамақтан жұғады. Ботулотоксин ең күшті биологиялық «у» болып табылады. Ботулизмнің қоздырғышы адамның, жануарлардың және балықтардың ішек жолдарында болады. Ол топыраққа түседі, топырақтан споралары тағам өнімдеріне түсіп, оттексіз қолайлы жағдайда өсіп, токсин бөледі. Топырақта олар бірнеше жыл бойы сақталады.

       Ботулизм ауруы – тамақтан уланудың ауыр түрі, дер кезінде дәрігерге қаралмаса өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Көбінесе үй жағдайында дайындалған қолдан жапқан саңырауқұлақ, баклажан, көкөніс салаты, ет, балық консервілерін пайдаланғаннан болады. Бірақ, ауру адам эпидемиологиялық қауіпсіз болып табылады.


         Аурудың негізгі белгілері 2-12 сағат аралығында байқала бастайды, науқас адамның басы ауырып, ұйқысы қашады, әлсірейді, жүрегі айнып, лоқсып құсады. Сонымен қатар жүйке жүйесінің зақымдалуымен, көздің көруі нашарлап, адамның жұтынуы қиындап, бірте-бірте даусынан айрылады (афония).

Ботулизмнің алғашқы белгісі байқалғаннан дереу жедел жәрдем шақыру қажет.

Ауырғандарға міндетті түрде ботулизмге қарсы сарысу егіліп, күдікті консервіленген тағам сынамалары зертханалық тексеруге алынып, қалғаны жойылады. Аурумен бірге күдікті тамақты тұтынғандардың барлығының асқазандарын шайып, ішектерін тазартып, адсорбенттер қабылдау ұсынылады және 12 күнге дейін медициналық бақылауда болады.


Аурудың алдын-алу жолдары:

- Өндіріс орындарында дайындаған консервіленген тағамдарды ғана тұтыну. Ретсіз сауда орындарынан үй жағдайында дайындалған, қолдан жапқан консервіленген саңырауқұлақ, көкөніс салаттарын, ет, балық өнімдерін сатып алудан аулақ болуға;

- Консервіленген салаттарды пайдаланған кезде қақпағы күмпиген (ісінген) бомбаж салаттарды пайдаланбауға;

- Жеміс-жидек, көкөніс, саңырауқұлақты консервілеген кезде оларды жақсылап жуып, тазасын, бүлінбегенін пайдалануға;

- Дастарханға ұсынар алдында қандай да бір тағам түрін және консервіленген тағамдарды міндетті түрде жақсылап қайнату, қуыру – тағамнан уланудың соның ішінде ботулизм, ішек жұқпаларының алдын алу болып табылады.

        Қарапайым санитарлық ережелерді сақтағанда, біз өзіміздің денсаулығымызды қорғай аламыз!