2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Бүгін Аудан басшысы Азамат Қалдыбеков тұрғын үй саясаты басқармасы өкілдерімен бірлесе «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына ПИК тарату және ОСИ атты жаңа басқару түріне көшу туралы түзетулерді түсіндіру бойынша ПИК өкілдерімен кеңес өткізді

13.02.2020
Бүгін Аудан әкімі Азамат Қалдыбеков тұрғын үй саясаты басқармасы өкілдерімен бірлесе «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына ПИК тарату және ОСИ атты жаңа басқару түріне көшу туралы түзетулерді түсіндіру бойынша ПИК өкілдерімен кеңес өткізді


12.02.2020
Бүгін, 11 ақпан күні Аудан әкімі Азамат Қалдыбеков аудан тұрғындарымен Ашық диалог және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» мемлекет тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында жеке қабылдау өткізді.


07.02.2020
Бүгін Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков халықпен бесінші есеп беру кездесуін өткізді. Есептік кездесуге Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлы қатысты.

Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Бруцеллез ауруынан қорғану


      Бруцеллез - бұл зоонозды инфекциялық жұқпалы ауру. Ол барлық органдарды әлсіз ағымдағы қабыну процессімен ұлпаларды, лимфа, сүйек-буын және жүйке жүйесін зақымдауымен сипатталады.

Адамдарда бруцеллезбен зақымдануы жолдары:

- тұрмыстық - қатынастық жолмен (зақымданған шырышты қабат және тері арқылы);

- сүт және сүт, ет өнімдері пайдалану кезінде (сүт, айран, қаймақ) үй жағдайында дайындалған;

- аэрогенді.

      Өңделмеген сүт және ет өнімдерінде шамамен 3 айға дейін өмір сүруге қабілетті. Сүтті пастерлеу және термиялық өңдеуде неғұрлым жоғары температурада бірнеше минут ішінде өледі.

      Адамда бруцеллез белгілері:

      Бруцеллезге тән: қалыпты бас ауруы, бүкіл денесінің ауруы, тершеңдік, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы, сондай-ақ ірі буындардың зақымдануы (артриттер, периартриттер), перефериялық жүйке жүйесі, бұлшық ет.

      Инкубациялық кезең 6 күннен 30 күнге дейін.

      Бруцеллездің алдын алу:

Алдын алу жолының негізгі ұсыныстары:

- қауіп-қатер тобына кіретін адамдарды вакцинациялау (фермалардың, ет комбинаттарынның қызметкерлері, қасапханашылар, жартылай фабрикаттар өнімдерін дайындайтындар және т. б.);

- өнімдерді жеткілікті термиялық өңдеуден өткізу (ет, сүт);

- үй жануарларын вакцинациялау.

        Жануарлармен жұмыс істеуге жіберілетін адамдар арнайы киіммен қамтамасыз етілуі тиіс, сонымен қатар дезинфекциялық ерітінділерді дұрыс қолдана білу керек. Жеке бас гигиенасының ережелерін сақтау маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, жануарлармен жұмыс істейтін қызметкерлерді міндетті түрде медициналық тексерістен өткізу тиіс. Жануарларда бруцеллез ауруының алдын алу үшін жылына екі рет тұрақты бақылау жүргізу қажет.