АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Мектепке жол» акциясы өз бастауын алды

06.08.2018

«Мектепке жол» акциясы өз бастауын алды



06.07.2018

Елордасы Астанаға 20 жыл!



04.07.2018

Алатау ауданына 10 жыл!


Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Құрметті ата-аналар!


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
жергілікті атқарушы органдар, қоғамдастықтар және
БАҚ өкілдерінің қатысуымен, барлық орта білім беру ұйымдарында бірдей уақытта 2018 жылғы 15 мамыр
сағат 18.30-да
«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Халықаралық отбасы күніне арналған «Білімді ұлт – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» жалпыұлттық ата-аналар жиналысын өткізетінін хабарлаймыз.

Ата-аналар жиналысының мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жөніндегі мемлекеттік білім саясатын талқылауға ата-аналарды тарту.

Жалпыұлттық ата-аналар жиналысының күн тәртібінде:

-    «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру – тәрбие негізі;

-    11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау;

-    оқу жылының қорытындылары;

-    мектептердегі қорғаншылық кеңестердің қызметі;

-    отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту;

-    оқу процесін цифрландыру;

-    оқулықтарды әзірлеу және 100 үздік оқулықты аудару мәселелері енгізілген.

Сонымен қатар, ата-аналар жиналысының «Сұрақтар мен жауаптар» бөліміне қатысу үшін жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың өкілдері шақырылады.