АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
2019 жылдың15 қыркүйегі мен 10 желтоқсаны аралығында «Участок» атты Республикалық жедел профилактикалық іс-шара өтуде.

20.09.2019
2019 жылдың15 қыркүйегі мен 10 желтоқсаны аралығында «Участок» атты Республикалық жедел профилактикалық іс-шара өтуде.


19.09.2019
"Танысу " тренингтері жүргізілді.


19.09.2019
Ағымдағы жылдың тамыз айының басында Алатау ауданының «Бақыт отбасы» орталығы өз есігін айқара ашты.

Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



«Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз және байытылған ұн туралы не білеміз?, Фортификация дегеніміз не?», «Шылым шегудің зияны»


           

   2018 жылдың 20 шілдеде, Алатау аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандарымен «Бәріміз бірге салауатты тамақтанамыз және байытылған ұн туралы не білеміз? Фортификациялау дегеніміз не?», «Шылым шегудің денсаулыққа зияны» тақырыптарында «Жібек жолы» базарында акция өткізілді.

       Аталған акция халықтың салауаттылығын жоғарылатуға, сапасыз тағам мен тауарды ретсіз сауда орындарынан сатып алғанда салдары неге әкелетінін түсіндіру болды.

      Тұтынушылар сатып алған тағам өнімдерін Алматы қалалық ШЖҚ МКК «Ұлттық сараптама орталығының» мамандарының жедел әдістерімен тексеріліп, үйге сапалы әрі қауіпсіз тағамды апаруларына мүмкіндік туды. Бұл өткізілген шаралар акцияның талабы бойынша тегін түрде заман талабына сай зертханалық құралдармен жедел әдістер бойынша, яғни жемістер мен көкөністердің құрамындағы нитраттарды және дайын тағам өнімдерінің бактериялық ластану дәрежесін анықтауға мүмкіншілік туды. Зертхана мамандары шұғыл түрде тексеру жүргізіп, тұтынушыларға нәтижесін жариялап берді.

    Сонымен қатар, «Жібек жолы» базарында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының жеке кәсіпкерлік субъектісіне байытылған, құнарландырылған ұнды пайдалану керектігі, қоғамдық орындарда шылым шегуге тиым салу, адам ағзасына зияндылығы және шылымның салдарынан туындайтын аурулар кеңестер берілді.

    Тұтынушыларға тағам қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және салауатты тамақтану бойынша 25 сұрақнама жүргізіліп, сатып алушыларды қызықтырып жүрген барлық сұрақтарына жауап берілді, әр тұтынушымен жеке түрде салауатты тамақтану тақырыбында кеңестер беріліп парақшалар таратылды.