АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Ашық есік күні

16.09.2019
Ашық есік күні


16.09.2019
Алматының туған күні аудан көлемінде аталып өтті.


13.09.2019
Отбасы тақырыбында жиналыс өтті.

Тұрғындарға арналған ақпарат ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ



Жіті ішек жұқпалы аурулары, одан алдын-алу шаралары.


Жаз жақындаған сайын жіті ішек инфекцияларына шалдығу қаупі арта түседі. Бұл азық-түліктің сақталуының бұзылуымен қатар, сапасыз ауыз суды, тамақты тұтыну және гигиена ережелерін сақтамаумен тікелей байланысты болады. Жіті ішек ауруларының белгілері келесідей, яғни: Жіті ішек инфекциясынан ең алдымен балалар зардап шегеді. Ересектерге қарағанда балалардың ауруға шалдығуы 3 есе жиі кездеседі. Инфекциямен бірге жүретін іш өту және құсудың салдарынан балалар ағзасында көптеп сұйықтық жоғалып, сусыздану басталады. Міне, сондықтан балалар арасындағы жіті ішек инфекциясы кейде балының тек денсаулығына ғана емес, өміріне де қауіп төндіреді. Осы орайда балада келесі белгілер байқала салысымен, шүғыл медициналық жәрдемге жүгінулеріңізді ескертеміз: - дене ыстығының көтеріліу; - баланың су іше алмау; - емшекті нашар емуі; - жағдайының жақсармау немесе одан бетер нашарлап кетуі; - құрысу. Сондай-ақ балаларды, өз бетімен емдеп, дәрігердің тағайындауынсыз дәрі беруге болмайды. Аурудың қандай түрі болса да, баланы дереу дәрігерге көрсету қажет. Гигиена ережелері бұзылған жағдайда олар суда, тамақта, ойыншық бетінде болуы мүмкін. Ауру тудыратын микробтардың баланың аузына түсуіне жол бермеуге тырысыңыз. 6-7 айлық кезінде балаға, оның ас мәзіріне таза, нәрлі, жақсылап езілген тағамды енгізуді бастаңыз. Балаға ең таза суды беру керек, берер алдында қайнатып, суытып қою қажет. Егер бала ана сүтін еметін болса, күннің ыстықтығына қарамастан емізуді тоқтатпай, жалғастыра беру қажет. Тек ананың сүтінде ғана баланы өмірінің алғашқы айларында инфекциялардан қорғай алатын иммундық қасиеттер бар. Ана сүтін еметін баланың іші өтсе де, ауру аса ауыр болмайды, тез айығып кетеді. Алайда балаға сүт қоспаларының ертіндісін беру керек болса, оларды кесемен не қасықпен бергеніңіз абзал. Асты жақсылап әзірлеңіз, әрбір тамақтануда жаңадан дайындалған тағамдар берілсін. Баланың ыдысын қолдана салысымен, ішін босатып, жуып-шаю қажет. Ас қалдықтарын уақытылы шығарып отырыңыз. Жедел ішек ауруын болдырмау барысында: -тамақтанар алдында, тамақ әзірлейтін кезде қолыңызды жақсылап сабандап жууды естен шағармаңыз; -Суды, сүтті тек қайнатып барып қолданыңыз; -Ішкен тамағыңыз аурудың пайда болуына себепші болмас үшін етті, жұмыртқаны балықты жақсылап жуып, әбден пісіріп пайдаланыңыз; -Тағам өнімдерінің пайдалану мерзімінің ескіріп кетпеуін қадағалаңыз; -Көкөністер мен жемістерді әбден жуып, ыстық сумен бір шайқап алып пайдаланыңыз; -Тоңазытқышта тағамдардың дұрыс сақталуына мән беріңіз, тез бұзылатын тағамдарды көп сақтамаңыз; -Суға түскен кезде тек қана рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз; Жеке бас тазалығын қатаң сақтаңыз және бұл тәртіпті балаларынызға да үйретіңіз. Құрметті ата-аналар! Алатау аудандық тауарлар мен көрсетілген қызметкердің сапасы мен каупсіздігін бақылау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің қызметкерлері ұсынады: Осы аурудың белгілері білінген жағдайда тұрғылықты мекен жайы бойынша жергілікті медицина мекемесіне жедел түрде қаралыңыз немесе дәрігерді үйіңізге шақыртыңыз. Сізге және сіздің жақын туыстарыңызға денсаулық тілейміз