АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Елордасы Астанаға 20 жыл!

06.07.2018

Елордасы Астанаға 20 жыл!



04.07.2018

Алатау ауданына 10 жыл!



25.06.2018

Алматыда «Ұлы Дала – көшпенділер әлемі» халықаралық этно-мәдениет фестивалі өтті


Бос жұмыс орыны БОС ЖҰМЫС ОРЫНЫ

17.04.2018


«Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру


Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Е-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді: жоғары білім;

            Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

             1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

            4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

Е-3

min

max

102 437

138 248

Е-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

            Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

            Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

            Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

Е-4

min

max

77 452

104 936

Ішкі конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ, 050065, Алматы қаласы, Шаңырақ-2 ы/а, № 26, анықтама үшін телефондар: 299-86-77, факс 299-86-72, e-mail: kadr.alatau@mail.ru, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

1. Аудан әкімінің көмекшісі, Е-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер:Телефонхаттарды уақтылы тіркеуге алып, жедел түрде онымен басшылықты, орындаушыларды таныстыруға жауапты. Аудан әкімінің қызметімен тікелей байланысты тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады. Аудан әкімі қабылдау бөлмесінің жұмысын, орынбасарлармен, аппарат қызметкерлерімен, аудандық қызметтермен, азаматтармен жедел байланысын қамтамасыз етеді. Әкімінің аппаратындағы бөлімдерден ақпарат жинап, барлық сұрақтар бойынша аудан әкіміне баяндама дайындайды. Қала әкімінің, орынбасарларының, құрылымдық басқармаларының жиналысына аудан әкімінің аппаратының тиісті бөлімдерінен ақпараттар жинап аудан әкіміне ұсынады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технология саласында немесе құқық саласында немесе гуманитарлық ғылым саласындағы жоғары білім. Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі. «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, осы саннаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

2. Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің басшысы, Е-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер:Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады, бөлімнің жоспарлы жұмысын атқарады. Бөлім қызметкерлері арасындағы міндеттерді бөледі, атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді. Бөлім қызеткерлерін тағайындау және босату жөнінде ұсыныстар енгізеді, олардың кәсіби деңгейін жетілдіруге және еңбек қызметі үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған шараларды қолданады. Шағын бизнесті дамыту мен қолдау мәселелері жөніндегі ҚР Заңдарының, ҚР Президентінің Жарлықтарының, ҚР Үкіметінің Қаулыларының, қала және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, Алматы қалалық мәслихаты сессияларының шешімдерінің мерзімінде орындалуына бақылау жүргізеді. Шағын бизнес кәсіпорындарының, жеке кәсіпкерліктің қызметін үйлестіреді, олардың жұмысына талдау жасайды, ақпараттық және анықтамалық құжаттарды өңдейді. Шағын бизнесті дамыту мен қолдау жөніндегі қалалық және аудандық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады. Аудандық тамақтандыру және сауда қызметі бастығының азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар жөніндегі орынбасарының міндеттерін атқарады. Азаматтарды қабылдайды, олардың өтініштері мен арыздарын қарастырады, олардың шешілуіне ықпал етеді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:Экономика және бизнес немесе құқық саласында немесе техникалық ғылымдар саласындағы жоғары білім. Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі. «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, осы саннаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

3. Коммуналдық-шаруашылық бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты,1 бірлік.

Функционалдық міндеттер:Нормативтік-құқықтық актілердің орындалуы жөнінде талдау ақпараттарын, анықтамалар, басқа да құжаттарды және аудан әкімінің, әкімнің тұрғын үй-коммуналдық, көркейту және құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмаларын, нұсқау беру сипатындағы құжаттарын, іс-шараларын дайындайды. Тұрғын үй фонды бойынша анықтамалар, ақпараттық құжаттар дайындайды, сүру туралы акт береді. Бөлімнің перспективалық және ағымдағы (жылдық, тоқсандық, айлық) жұмыс жоспарын әзірлейді. Аудандағы барлық пәтер иелерінің кооперативінің, жеке пәтер иелерінің кооперативімен, жеке үй иелерінің тұтынушылар кооперативінің, жеке үйлер кооперативінің шаруашылық қызметінің жұмысын жүргізеді және үйлестіреді. Аудандық барлық пәтер иелерінің кооперативінің, жеке үйлер кооперативінің, жеке үй иелерінің тұтынушылар кооперативінің, жеке пәтер иелерінің кооперативінің төлқұжаттарын жаңарту мәселелерімен айналысады. Су-құбыр, газ, жылу және электр желілерінің жылдық және перспективалық жоспарын жасауға қатысады. Өз құзіреті шегінде азаматтардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарайды. Бекітілген номенклатураға сәйкес бөлімнің іс-қағаздарын жүргізеді.    

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар саласында немесе білім беру саласында немесе құқық саласындағы жоғары білім.Экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар саласында немесе білім беру саласында немесе құқық саласындағы орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі. «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясын, осы саннаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)   нысандағы өтініш (қоса беріліп отыр);

2)   тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

            Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекен жай бойынша Аппаратқа тапсырылуы тиіс.

            Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәлеметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Азаматар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзгеде олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәлеметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

           Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратында (Алматы қаласы, Шаңырақ-2 ы/а, Жанқожа батыр көш., 26)өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар Аппаратқа құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде Аппараттың электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары немесе ҚР заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдануға құқылы.

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

     ___________________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсынақатысуға жіберуіңізді сұраймын. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауғаміндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны ___________________________________

____________________________________________________________________

________________                                 ___________________________________

       (қолы)                                             (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      

"___"_______________ 20 __ ж.