АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қарттарым асыл қазынам!

12.10.2017

Қарттарым- асыл қазынам!



12.10.2017

ҚҰРМЕТТІ АЛМАТЫҚАЛАСЫ АЛАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ!



09.10.2017
 

«Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ару Алматыға – 1001 түп жасыл желек» атты қалалық сенбілік өтті




  • Негізгі бет
  • Бос жұмыс орыны
  • «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру
Бос жұмыс орыны БОС ЖҰМЫС ОРЫНЫ

04.10.2017


«Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру


Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Е-3 санаты үшінжұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

             1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

            4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

             5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;        

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

Е-3

min

max

102 437

138 248

Е-4 санаты үшінжұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

2) жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты

Е-4

min

max

77 452

104 936

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ, 050065, Алматы қаласы, Шаңырақ-2 ы/а, № 26, анықтама үшін телефондар: 299-86-77, факс 299-86-72, e-mail: kadr.alatau@mail.ru, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға Алатау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

1. Әлеуметтік сала бөлімінің басшысы, Е-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер:Әлеуметтік, білім және сауықтыру мәселелері жөнінде ҚР Заңдарының, ҚР Президентінің Жарлықтарының, ҚР Үкіметінің Қаулыларының, қала және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, Алматы қалалық мәслихаты сессияларының шешімдерінің мерзімінде орындалуына өз құзіреті шегінде бақылау жүргізеді.Алматы қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар;тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармаларымен; мүгедектерді сауықтыру және бейімдеу орталығымен; Алатау ауданы бойынша «Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың» РМКК Алматы қалалық филиалының бөлімшесімен; еңбек және халықты әлеуметтік қорғау; денсаулық сақтау; білім беру мекемелерімен және басқа да мүдделі ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен; Соғыс ардагерлері Кеңесімен; мүгедектер қоғамымен; көп балалы жанұялар қоғамымен өзара байланысты ұйымдастырады.Семей ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есебін жүргізіп жұмысын үйлестіру жөніндегі, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі, әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі, туберкулез, жұқпалы арулар, ЖҚТБ, АҚТҚ аурулары, маскүнемдік және нашақорлыққа қарсы күрес және олардың алдын алу жөніндегі, кәмелетке толмағандарды қорғаншылыққа және қамқорлыққа алуды белгілеу бойынша комиссияның жұмысын қамтамасыз етеді. Үйде қызмет көрсететін әлеуметтік бөлімшенің жұмысын үйлестіреді. Халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғау (әлеуметтік көмек көрсету) мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініш, хаттарымен жұмыс жасайды. Халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғау мәселелері бойынша жоғары органдардан түскен директивалық құжаттардың орындалуы жөнінде құжаттар дайындайды. Азаматтардың өтініштері мен қызметтік хат-хабарламаларды қарайды.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:Білім саласында немесе әлеуметтік ғылымдар саласында, экономика және бизнес саласында немесе гуманитарлық немесе техникалық ғылымдар немесе ауылшаруашылық немесе құқық саласындағы жоғары білімі.

Е-3 санаты үшін келесі құзыреттер болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер:Аудан әкімінің аппаратының мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыру жұмысына қатысады, техника-экономикалық қызмет көрсету негіздемесін дайындайды. Алатау ауданы әкімінің аппараты бойынша сұраныс бағасына ұсыныс және бір көзден, ашық байқау тәсілімен қызмет көрсету, мемлекеттік тауарларды сатып алуды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүргізеді және дайындайды. Комиссия отырысын өткізуді ұйымдастырады, қажетті құжаттарға қол қойдырады және дайындайды, конкурстық комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады, конкурстық комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді. Потенциалды жеткізушілерге уақытша тапсырыс, баға ұсынысын береді, конкурсқа қатысу тапсырысын тіркейді, конкурс құжаттарының көшірмелерін алған адамдарды журналға тіркейді. Келісім шарттардың тіркеуін жүргізеді, мемлекеттік сатып алуға қатысты бөлімдердің іс жүргізуін үйлестіреді. Мемлекеттік сатып алуға қажетті құжаттарды және өкімді дайындайды. Мемлекеттік сатып алу бойынша тиісті мекемелерге есеп жасайды және өткізеді. Мемлекеттік сатып алу жоспарына Алматы қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес толықтырулар мен өзгерістер енгізеді. Келісім шарт бойынша (жеткізу мерзімі) міндеттемелердің орындалу мерзімін бақылайды және келісім шарт дайындайды. Мемлекеттік сатып алу порталына Қазақстан мазмұны бойынша деректерді енгізеді, мемлекеттік сатып алудың тіркелуінің орындалуын және келісім шарттың енгізілуін қамтамасыз етеді. Бюджетке өзгерістер енгізілген кезде аппараттың бөлімдерінен алынған бюджет жинағының тапсырысын жасайды және тиісті мекемелерге өткізеді. Мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың өтініш, арыздарын, қарастырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:Экономика және бизнес саласындағы жоғары білім.

Экономика және бизнес саласында орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Е-4 санаты үшін келесі құзыреттер болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратына құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін 3 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.

Кандидаттармен әңгімелесу «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (Алматы қаласы, Шаңырақ-2 ы/а, № 26, 4 қабат, 408 кабинет) әңгімелесуге жіберу туралы хабардар етукүнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Басқарма басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратының alatau.almaty.kzинтернет-ресурсында және ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген және арнайы kyzmet.gov.kz сайтында жарияланған.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар, конкурс комиссиясының тарапынан жасалған заңсыз фактілерін анықтаған жағдайда Алматы қаласы Сейфуллин даңғылы 555 мекен жайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы жүгінуге құқылы.

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

     __________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсынақатысуға жіберуіңізді сұраймын. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауғаміндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Мекен жайы және байланыс телефоны __________________________________

___________________________________________________________________

________________                                 ___________________________________

       (қолы)                                             (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      

"___"_______________ 20 __ ж.