АЛАТАУ АУДАНЫ
әкімінің аппараты
A   A   A
ЖАҢАЛЫҚТАР
Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады.

23.06.2017
Мемлекеттік қызметкерлерді құттықтады.


19.06.2017
Ауданда ақ халатты абзал жандар күні аталып өтті.


09.06.2017
1 маусымында Алатау ауданында кенеге қарсы улау шарасы өтті.

Бос жұмыс орыны БОС ЖҰМЫС ОРЫНЫ

15.06.2017

Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Е-3 санаты үшін жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

            1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе             В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

            3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

            4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың немесе төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

            5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

Е-3

min

max

102 437

138 248

 

Е-4 санаты үшін жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

2) жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

Е-4

min

max

77 452

104 936

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ, 050065, Алматы қаласы, Шаңырақ-2 ы/а, № 26, анықтама үшін телефондар: 299-86-77, e-mail: kadr.alatau@mail.ru, барлықмемлекеттік қызметшілері арасындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

1. Коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы,  Е-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер:Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауапты болады, бөлімнің жоспарлы жұмысын атқарады. Бөлім қызметкерлері арасындағы міндеттерді бөледі, атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлерін тағайындау және босату жөнінде ұсыныстар енгізеді, олардың кәсіби деңгейін жетілдіруге және еңбек қызметі үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған шараларды қабылдайды.

                Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі ҚР Заңдарының, ҚР Президентінің Жарлықтарының, ҚР Үкіметінің Қаулыларының, қала және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, Алматы қалалық мәслихаты сессияларының шешімдерінің мерзімінде орындалуына бақылау жүргізеді. Нормативтік-құқықтық актілердің орындалуы жөнінде талдау ақпараттарын, анықтамалар, басқа да құжаттарды және аудан әкімінің, бөлімнің құзіреті шегінде жетекшілік ететін әкім орынбасарының тапсырмаларын, іс-шараларын дайындайды. Бюджетті қалыптастыру үшін қызмет көрсетушілермен бірлесе отырып магистралды және екінші дәрежелі инженерлік тораптардың ақауы жөніндегі ведомосты әзірлейді. Заңды және жеке тұлғаларға тұрғын-үй және энергетика саласындағы заңдылықтарды түсіндіру жөнінде жұмыстар жүргізеді. Азаматтарды қабылдайды, олардың өтініштері мен арыздарын қарастырады, олардың шешілуіне ықпал етеді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:Экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар саласында немесе білім беру саласында немесе құқық саласындағы жоғары білім.

Е-3 санаты үшін келесі құзыреттер болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы,  Е-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер:Қаржылық жылға сәйкес бюджетті әзірлеуді қамтамасыз етеді, мектеп жасына дейінгі мекемелерді қаржыландырудың жоспарын әзірлейді, аудан әкімі аппаратының бюджетінің жобасын жасайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың контингенті бойынша есеп дайындайды. Алдағы үш жылғы көрсеткіштердің болжамын жасайды. Көрсетілген қызметтер және жеткізілген тауарлар үшін бөлінген бюджеттік құралдардың кассалық орындалын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Бюджеттік бағдарламаның жүзеге асырылуы жөнінде есеп дайындайды.

Қаржылық өзгеріс енгізуге тапсырыс жасау және игерілуін  бақылау. Сайлау өткізуді дайындау және өткізу кезеңінде материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді. Негізгі құралдар бойынша баланс жөніндегі айлық, тоқсандық есептер, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы және республикалық, жергілікті бюджеттің орындалуы жөнінде есептер дайындайды.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:Экономика және бизнес саласындағы жоғары білім.

Экономика және бизнес саласында орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Е-4 санаты үшін келесі құзыреттер болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратына құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін 3 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.

Кандидаттармен әңгімелесу «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (Алматы қаласы, Шаңырақ-2 ы/а, № 26, 4 қабат, 408 кабинет) әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, "Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Басқарма басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратының alatau.almaty.kzинтернет-ресурсында және ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде орналастырылады.

Конкурсты өткізу Ережесі мен құжаттар үлгісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген және арнайы kyzmet.gov.kz сайтында жарияланған.

Кандидаттармен әңгімелесу «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Министрлігіне немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

      __________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

_____бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

___________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны __________________________________

 

___________________________________________________________________

 

 

 

________________                                 ___________________________________

       (қолы)                                             (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда)

      

 

"___"_______________ 20 __ ж.